Сәрсенбі, 9 шілдеге арналған валюта бағамы анықталды. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, қазір 1 АҚШ доллары 519,58 теңге тұрады. Ұлттық валюта бағамы аздап әлсіресе, Bitcoin құны көтеріліп жатыр.
Доллар бағамы тұрақты
Доллар бір тәулікте бар болғаны 0,07 теңгеге арзандады. Жалпы алғанда, шілде айы ұлттық валюта үшін айтарлықтай тұрақты болды. Теңге 24 маусымнан бері шамамен 518-520 теңге аралығында сақталып тұр. Салыстырар болсақ, тура бір ай бұрын доллар 508 теңге болған. Содан бері АҚШ валютасы шамамен 11 теңгеге күшейгенімен, кейінгі бірнеше күн бойы теңге құнын айтарлықтай жоғалта қойған жоқ.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматы қаласындағы ақша айырбастау мекемелерінде бір доллар 519,5 теңгеден қабылданып, 521,4 теңгеден...