АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Республикасынан келетін тауарларға 25% көлемінде импорттық баж салығын енгізді. Ол туралы Қазақстан президенті Тоқаевқа арнайы хат жолдаған. Жаңа тариф 1 тамыздан бастап күшіне енуі мүмкін.
АҚШ президенті өз хатында сауда талаптарының қатаңдағанына емес (бұған дейін қазақстандық тауарларға 10% көлемінде уақытша баж салығы қолданылған), керісінше, Қазақстанмен сауданы жалғастыру туралы шешіміне назар аударады. Трамп Қазақстанды «ұлы мемлекет» деп атап, Вашингтон үшін екіжақты сауда балансы теріс күйінде қалып отырғанына қарамастан, ынтымақтастықты жалғастыру ниетін білдіреді.
Трамптың айтуынша, екі ел арасындағы сауда қарым-қатынастарын тиімді деуге келмейді.
Хат соңында Трамп Астанаға салыққа қарсы шаралар қабылдамауға шақырады. Олай...