Қытай Халық Республикасының (ҚХР) билігі жүрілген көліктердің экспортын қатаң бақылауға алу ережелерін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы CarNewsChina басылымы хабарлады. Басты себеп — шетелге көлік жөнелту көлемінің артуы және жаңа автокөліктердің формалды түрде «қолданылған» деп көрсетілу жағдайларының жиілеуі. Бұл өзгерістердің ықпалы Қазақстанға да әсер етуі мүмкін.
Қытайдың Сауда министрлігі қолданыстағы көліктер экспортына бақылауды күшейту қажеттігін мәлімдеді. Жаңа шаралар мәмілелердің ашықтығын қамтамасыз етіп, екінші нарыққа деген сенімді арттыруды көздейді. Сарапшылардың айтуынша, аз ғана жүрген немесе мүлде пайдаланылмаған жаңа көліктер «қолданыста болған» деп тіркеліп, жеңілдетілген жолмен экспортталып жатыр. Осылайша көбі салық пен кедендік төлемдерді айналып өтуде.
2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қытайдан...