Wildberries компаниясының атын пайдаланып, халықты алдаған алаяқ экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Халықаралық іздеуде жүрген алаяқты ұстау ісіне үш құзырлы орган қатысқан.
Күдіктіні Дубай қаласынан елге экстрадициялауға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері және Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігі көмектескен.
Күдікті 2022–2023 жылдар аралығында Алматы қаласының тұрғындарын «Wildberries» компаниясына инвестиция салуға үгіттеген. Компанияға ақша салу арқылы қомақты сыйақы алуға болатынын айтқан. Бірақ іс жүзінде жәбірленушілердің қомақты қаражатын өз мақсаттарына жұмсаған.
Алаяқтық жасаған ол бой тасалап, шетелге қашып кеткен. Прокуратура күдіктіге халықаралық іздеу жариялаған. Екі жыл бойы халықаралық іздеуде...