Қазақстандықтар TikTok әлеуметтік желісінде Ұлттық статистика бюросының сайтынан тегін алуға болатын қызметті сатқан. Бұл жайлы Ұлттық стаитстика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған әлеуметтік желіде «Мен секілді қанша адам бар?» ойыны жүргізіледі. Онда қолданушы өзімен аттас адамның бар-жоғын білу үшін ақша төлейді. Ұлттық статистика бюросы мұндай TikTok қолданушыларына мән бермеуді сұрады. Өйткені бұл деректердің барлығын департамент сайтынан тегін алуға болады.
«Ұлттық статистика бюросы stat.gov.kz ресми сайтында тегін алуға болатын деректерді саудалап жүрген TikTok пайдаланушыларының қызметтеріне жүгінбеу сұралады. Мұндай қызметпен айналысатындар өз әрекеттері үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескертеміз», деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ал...