Өзбек банкирі, Anorbank иесі Кахрамонжон Олимовті Парижде ұрлап кетті. Қарақшылар босату үшін 5 млн доллар талап еткен.
Курсивтің өзбек редакциясының ақпаратынша, Олимов Парижге іскерлік кездесуге барған.
Қаланың орталық көшелердің бірінде белгісіз адамдар оны ұстап әкетіп, Ниццадағы бір вилланың жертөлесіне апарыпты. «Өлтіреміз» деп қорқытып, бірнеше сағат бойы ұрып-соққан.
«Өлтіреміз» деп қорқытқан
Куәгерлердің айтуынша, қылмыскерлердің бірі орыс тілінде шешен акцентімен сөйлеген көрінеді. Олар Олимовтан 10 млн доллар қарызды қайтаруды талап еткен. Адам ұрлаушылар Еуропадағы инвестициялары мен Anorbank-тің ішкі жағдайынан жақсы хабардар екен.
Делдалға 200 мың доллар
Азаптаудан кейін Олимов психологиялық және физикалық күйзеліске түскен...