Енді елімізде мерзімді әскери қызметтегілерге банктер мен микрокаржылық ұйымдардан жаңа несие алуға тыйым салынады. Мұндай ереже Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жаңа қаулысында көзделген.
Жобаға сәйкес, Қорғаныс министрлігі несиелік бюроларға мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан азаматтар туралы мәлімет беретін болады.
Бұл ақпарат әрбір әскери қызметшінің несие есебіне енгізіледі. Егер банк немесе микроқаржы ұйымы несие өтінішін қарау кезінде азаматтың мерзімді әскери қызметте екенін көрсе, олар несие беруден бас тартуға міндетті болады.
Әскери қызмет аяқталғаннан кейін, бұл белгі несие есебінен жойылады.
Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан армиясына 40 мың адам шақырылды, олардың жартысынан көбі, яғни 22,4 мың сарбазда бұрыннан несиелері болған.
Бұған дейін Қаржы...