2023-2024 оқу жылында елімізде 2,9 миллион баланы қосымша білім берумен қамту жоспарлануда. Бұл жалпы оқушылар санының 81,1 пайызын құрайды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде елімізде 380 түрлі бағыттағы үйірмелер бойынша қызмет көрсететін 1625 мектептен тыс ұйым жұмыс істейді. 60 мыңға жуық мектеп үйірмесі мен 50 мың спорт секциялары бар. Қосымша біліммен қамтылған балалардың үлесі 2020 жылы 63,5% болса, 2023 жылы 81,1%-ға дейін өсті.
«Министрлікпен барлық балалардың қосымша білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеті қойылды. Бұл көрсеткішті, оның ішінде шалғай елді мекендерде қоса алғанда 2027 жылға дейін 100 пайызға жеткізу жоспарға...