Енді қазақстандықтардың баспанаға деп жинаған қаражаты толық қорғалады. Бұдан былай борыштар мен айыппұлдар «Отбасы банкіндегі» баспанаға арналған жинаққа әсер етпейді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Банк салымшыларының депозиттері «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заңмен қосымша қорғалды. Аталған заңға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Заңға сәйкес:
Отбасы банкіндегі тұрғын үй мақсатындағы депозиттерге түскен біржолғы зейнетақы жарналарына (БЗТ) бұғат салуға болмайды; Аралық немесе алдын ала заемдар бойынша кепіл ретінде қойылған салымдардан қаражат өндіріп алуға тыйым салынды. Бұл...