2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 79,4 мың адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем төленді. Биыл 78,2 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды. Бұл туралы ҚР Еңбекмин баспасөз қызметі хабарлады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем қызметкер жоғалтқан табыстың 40% – на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін:
– eGov.kz порталында тіркелу;
– «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеп...