Әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші 10 елдің бірі саналатын Қазақстанда мұнай өндірісі өткен айда қайтадан өсе бастап рекордтық деңгеймен теңесті. Бұл туралы Reuters агенттігі өзінің дереккөзіне сілтеме жасай отырып мәлім етті.
Басылым Chevron компаниясы басқаратын Теңіз кен орнында өндіріс артқанын, бұл өсімнің негізгі себебі болғанын атап өткен.
«Қазақстан ОПЕК+ белгілеген өндіріс квоталарын жиі асыра өндіріп жатыр. Бұл жағдай кейбір қатысушы елдердің наразылығын тудырып отыр. Дереккөздердің айтуынша, мұндай әрекеттер ОПЕК+ өндірісін жоспардан тыс жедел арттыруға итермелеген, өйткені ұйым нарықтағы үлес үшін күресіп, ережені бұзғандарды төмен баға арқылы «жазалауға» тырысуда», – деп жазады басылым.
Басылым дерегінше маусым айында Қазақстанда шикі мұнай өндірісі мамырмен салыстырғанда 7,5%-ға өсіп, тәулігіне 1,88 миллион баррельге жеткен. Бұл наурыз...