Тамыз айында Қазақстан өңірлеріне 369 мың тоннадан астам АИ-95 бензині тасымалданады, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму минстрлігінің баспасөз қызметі.
«Мұнай өңдеу зауыттарынан жүктерді жеткізуге байланысты барлық өтініш 100% қамтамасыз етіліп келеді. Қазір Қазақстандағы магистральді автожолдар арқылы бензин тиелген 1 047 цистерна өңірлерге жеткізіліп жатыр. Олардың ішінде АИ-95 маркалы жағармайы бар цистернаның саны – 341. Барлық мұнай өнімі диспетчерлік бақылаумен белгіленген жылдамдықпен жеткізілмек», делінген баспасөз хабарламасында.
Баспасөз орталығының хабарлауынша бензинді жеткізу жүк тасымалдаушы ұйым мәлімдеген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылып жатыр және мұнай өңдеу зауыттарынан жүктерді тасымалдауға қатысты барлық өтініш 100%-ға қамтамасыз етілген.
«Жоспар бойынша тамызда ішкі нарыққа АИ-95 маркілі бензиннің 369,7 мы...