Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
«Марат Бекетаев мүлкі тәркіленіп, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Экс-әділет министріне қатысты қылмыстық іс алаяқтық, аса ірі көлемдегі жымқыру және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактісі бойынша тіркелді. Тергеу «құпия» белгісімен жүргізілгендіктен, іс материалдары жарияланбайды», – деді агенттіктің ресми өкілі.
Айта кетейік, экс-министрге қатысты іс сотқа 2025 жылдың 3 наурызы жолданған.
Экс-министр 2023 жылдың қазанында жеке компания басшылығымен бірге бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды, алаяқтық жасады және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деген күдік негізінде қамалды. Бас прокуратураның мәліметінше, ол...