1 шілдеден бастап екінші деңгейлі банктер, шетелдік банктердің филиалдары, Қазақстанның Даму банкі және «Қазпошта» АҚ Ұлттық банкке қазақстандықтардың банк шоттары мен салымдары бойынша бірқатар есепті ұсынуға міндетті болады. Бұл туралы Ұлтты банктің арнайы қаулысында жазылған.
Бұл талап жалақы картасы иелерінен бастап, депозит ашқандар және қаражат аударымын жасайтын азаматтарға дейін – бәріне қатысты болмақ.
Ұлттық банк қандай ақпарат алады?
Жаңартылған ереже бойынша, қаржы ұйымдары келесі есептерді ұсынады:
Банк шотының (салымының) иесі туралы есеп – шот иесі жеке тұлға ма, жеке кәсіпкер ме, заңды тұлға ма, резидент пе, бейрезидент пе – соның бәрі көрсетіледі. Мәлімет шот ашылған...