Фото: shutterstock.com
Еуропалық Одақтың санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі Дэвид О’Салливан сейсенбі күні Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлады Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметі.
«2023 жылдың 28 қарашасында Еуропалық Одақтың санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі Дэвид О’Салливан мырза Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар барысында Қазақстанның бірқатар ресми тұлғаларымен кездесу жоспарланған», – делінген дүйсенбіде жарияланған баспасөз хабарламасында.
Сапар қорытындысы бойынша арнайы өкіл БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отыр.
Еурокомиссия Еуропалық Одақтың санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі лауазымын «Ресейге Украинаға қарсы соғыс басталғаннан бері қолданылған бұрын-соңды болмаған шектеу шараларынан жалтармау немесе айналып өтпеу үшін үшінш...