Адамның өмір жасын ұзартатын тағам түрлері анықталды. Бұл әсіресе 40 пен 80 жас арасындағыларға таптырмас кеңес болып отыр.
Норвегиядағы Берген университетінің ғалымдары кез келген жаста өмір жасын ұзартуға болатынын дәлелдеп отыр.
Тамақтану әдетінің маңызы
Le Figaro басылымының ақпаратына қарағанда, ол үшін тамақтану әдетін өзгерту қажет.
Жүргізілген зерттеуге сәйкес, дұрыс тағам таңдауы арқылы 40 жастағы адам 11 жылға дейін, ал 80 жастағы адам 3,5 жылға дейін өмірін ұзарта алады.
Ғалымдар қай тағамдарды көп жеу керек, қайсысын азайту керек екенін нақты көрсетіп берген.
Пайдалы тағамдар
Мәселен, 40 жасқа толған адам күн сайын 25 грамм жаңғақ пен...