«Астана» халықаралық қаржы орталығы инвестиция тарту үшін құрылған, ол офшорлық аймақ емес. Сенат кулуарында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов осылай деп мәлімедеді.
«Жоқ, ол оффшор емес. Ешқандай оффшор емес. ол инвестицияны тартуға арналған құрал, сондықтан оны қолдау керек, дамыту керек. АХҚО-дағы AFSA деген тіркеуші орган Ұлттық банкпен бірге жұмыс істеуі керек, тығыз байланыс болуы қажет», – деді ол журналистер сұрағына.
«Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысты дау ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің пікірінен кейін шықты. Ол «Астана халықаралық қаржы орталығы» Қазақстанның ішіндегі офшор аймаққа айналуы қаупі бар деген еді. Жұманғаринның сөзінше, кейбір компаниялар...