Енді айырбастау пункттерінде 200 мың теңгеден жоғары сомадағы қаражатты айырбастағанда, жеке куәлік сұратуы мүмкін. Сондай-ақ клиенттің аты-жөнін арнайы реестрге енгізеді. Бұл жайлы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялаған құжатта жазылған.
«Қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларының 51-тармағына және КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 3-1-тармағының 1) тармақшасына валюталарды қолма-қол ақша нысанында 200 мың ₸ дейін айырбастау кезінде клиентті сәйкестендіру шегін төмендету арқылы түзетулер енгізілсін», – деп жазылған заң жобасында.
Қазір таңда Қазақстанда валюта айырбастау кезінде 500 000 теңгеден жоғары сомаға операция жасалса, клиент міндетті түрде жеке куәлік көрсетіп, сәйкестендіруден өтуі тиіс...