Қаржы ұйымдары заң әзірленіп жатқанда өз пікірін білдіре алады
Елімізде қаржыгерлер қауымдастығының жұмыс істеп жатқанына биыл 23 жыл толды. Қазір қауымдастық құрамына 130-дан астам қаржы ұйымының өкілі кіреді. Арасында банктер, кредиттік серіктестіктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін орындайтын ұйымдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар, инвестициялық компаниялар, басқарушы компаниялар, сақтандыру ұйымдары, бағалы қағаздар нарығындағы ұйымдар, аудиторлық және консалтингтік ұйымдар, қаржы, қор, валюта нарығының басқа да кәсіби қатысушылары және ғылыми және білім беру ұйымдары, БАҚ, сондай-ақ басқа да коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар бар.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы бірқатар мемлекеттік органның сараптамалық кеңесінің мүшесі ретінде аккредиттелген.
Сол себепті Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мүшелері өздерінің жұмысына қатысты, өз мүддесіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен Қазақстанның халықаралық шарттары жобалары дайындалып жатқанда өз пікірін білдіру мүмкіндігіне ие. Бұл әрине қауымдастық арқылы жүзеге асады.
Меніңше, бұл қаржы нарығын дамыту үшін өте маңызды сәт, өйткені құқықтық база қызмет жолдары және қызмет көрсету ережелерін айқындайды. Сондай-ақ қаржыгерлер қауымдастығы мүше қаржы ұйымдарының жиынтық шоғырландырылған позициясын әзірлейді. Бұл механизм мемлекеттік органдардың және басқа да мүдделі тараптардың, оның ішінде қаржыгерлер қауымдастығының ұстанымдарын ескеруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Соның ішінде тұтынушы мен қызметті іске асыратын тараптардың да ойы ескеріледі. Ал бұл қаржы нарығын және тұтас экономиканы дамытуға ықпал етеді.