Қазақстанда 6 миллионнан астам адамның кредиті бар
Бөлшек сауда портфелінің басым бөлігін кепілсіз тұтынушылық кредит – 5,28 трлн теңге (48,3%), ипотекалық кредит – 3,39 трлн теңге (31,4%), автокредит – 1,09 трлн теңге (10,6%), кредиттік карталар – 348,3 млрд теңге (3,2%) және кепілзат тұтынушылық кредит – 498,3 млрд теңге (5,1%) құрайды. Айта кетері, бірінші кредиттік бюро тек екінші деңгейлі банктердің ғана емес, деректерді ұсыну кезеңінде жұмыс істейтін қаржы ұйымдарының басқа да санаттары көрсеткіштерін ескереді.
Осылайша, 2021 жылы берілген бөлшек кредиттер (халыққа жеке қажеттілігі үшін берілетін қарыз) көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 83,6%-ға немесе 4,1 трлн теңгеге ұлғайып, 8,9 трлн теңгені құрады. Ал қарыз алушылардың жалпы саны 6,16 миллионға жетті.
Кепілсіз берілген тұтынушылық кредит өткен жылмен салыстырғанда 86,1%-ға өсіп, 5,45 трлн теңгені құрады. Несие карталары 95,2%-ға, 401,5 млрд теңгеге дейін өсті. Сарапшылар несиелеудің өсуін, оның ішінде халық арасында бөліп төлеудің танымал болуына, сондай-ақ пандемияның әсеріне байланыстырады.
Бір жылда автокөлік сатып алу мақсатында 592,2 млрд теңгеге кредит берілді. Айта кету керек, бұл жерде автоломбард көрсеткіштері ескерілмеген.
Жылжымайтын мүлік бойынша әрбір төртінші мәміле несиеге ресімделеді
Бөлшек кредит берудегі өсімге қазақстандықтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға берілген мүмкіндік те әсер етті, бұл ипотекалық қарыз беруде де айқын көрінді. 2021 жылы ипотекалық қарыз беру 1,92 трлн теңгені құрап, жыл ішінде 77,7%-ға өсті.
2021 жылы БЖЗҚ-дан тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 2,5 трлн теңге алынды. Оның ішінде тұрғын үй сатып алуға осы қаражаттың 68,5%-ы, ипотеканы өтеуге – 15,3%-ы және 16,2%-ы басқа мақсаттарға жұмсалды.
Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша 2021 жылы тұрғын үйге қатысты жасалған мәмілелер саны 606 мыңнан асты, осылайша өсім 96,8%-ды құрады. Мәміленің жалпы көлеміндегі ипотеканың үлесі – 25,2%.
2021 жылы автокөлікті тіркеу бойынша мәміле азайды
Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі ұлттық статистика бюросы деректері бойынша 2021 жылдың 11 айында автокөлікті тіркеу саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3%-ға төмендеп, 710,4 мың бірлікті құрады.
Тіркеудің төмендеуі қайталама нарыққа байланысты, алайда жаңа автокөліктерді сату көлемі көлемі 2021 жылдың қорытындысы бойынша 117 мың бірліктен асты, бұл 2020 жылға қарағанда 25,9%-ға артық. Ал автокөлік сатып алу мақсатында берілген кредиттердің жалпы сомасы 57,5%-ға – 592,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
333 мың адам алғаш рет кредит рәсімдеді
2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кредит жүйесі 333 мың қарыз алушымен толықты. Бұл кредит алуға алғаш рет 2021 жылы жүгінген қарыз алушылар. Олар алған алғашқы кредит көлемі 118,5 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 17,8%-ға көп.
Қарыз мерзімін өткізіп алғандардың несие тарихы реттелді
2021 жылы субъектілердің дербес кредиттік есеп беру форматын өзгертумен қатар жаңа мәртебе алу құқығы берілді. Демек, өткен жылдың 9 сәуірінде несие тарихын оңалту тәртібі күшіне енді. Соған сәйкес, азамат банкке қарызын 90 күннен астам уақыт кешіктіріп төлегеннен кейін ол 12 ай күтуі қажет. Сол аралықта басқа қарызы бойынша төлемді кешіктіруге болмайды. Мұндай жағдайда келісімшарт «қалпына келген» мәртебесін алады.
2021 жылдың сәуір-желтоқсан аралығында 1 397 547 бірегей қарыз алушы және олардың 1 648 305 келісімшарты қалпына келтірілді. Мәртебе алғаннан кейін осы қарыз алушылардың 566 175-і 2021 жылдың желтоқсанына дейін жаңа несие алды. Олардың 87 867-і (немесе 15,5%) 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін жаңадан алынған кредит қарызды төлеу мерзімін өткізіп алды.
2021 жылы бизнес-кредит көлемі өсті
Былтыр бизнеске кредит беру бойынша кредиттік портфель 16,2 трлн теңгені құрады. Бір жыл ішінде оның көлемі 28,3%-ке артты. Кредит беру бойынша өсім ірі бизнес нысандары арасында байқалады, ол бір жылда 60,1%-ға артып, 7,26 трлн теңгеге жетті.
Шағын бизнес 12,8%-ға артып, 7,58 трлн теңгеге дейін өсті, ал орта бизнес керісінше 1,1%-ға азайып, 1,35 трлн теңгені көрсетті.
Жалпы алғанда 123,6 мың кредит берілді, саны бойынша өсім бір жылда 9,8%-ды көрсетеді. Оның ішінде:
- ірі бизнес 12,3 мың кредит алды (өсім 12,2%);
- шағын бизнес 94,2 мың кредит (өсім 9,1%);
- орта бизнес 17,1 мың кредит (өсім 11,5%).
Бизнес-секторда қарыз алушылардың саны 23%-ға артты, осылайша 21,8 мыңға дейін жетті. Алайда ірі және орта бизнес өкілдерінің саны өзгерген жоқ және қарыз алушылардың негізгі бөлігі шағын бизнеске тиесілі – 20 мың.
Ірі бизнес субъектілерінің орташа берешегі 592,1 млн теңгені құрайды (бұл өткен жылмен салыстырғанда 42,7%-ға көп), орта бизнес – 78,9 млн теңге, шағын бизнес – 80,4 млн теңге.
2021 жылы жеке кәсіпті несиелеу екі есе өсті
2021 жылы бөлшек саудада да, бизнес-сегментте де жеке кәсіпкерлер белсенді түрде кредит алды. Осылайша, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес, ЖК бөлшек кредиттері 314,6 млрд теңгені құрады, бұл екі есеге жуық өсімді көрсетті: 91,7%-ға немесе 150,4 млрд теңгеге артты.
Бұл тізімге бірінші кредиттік бюро ЖК ретінде кез келген ұйымнан қарыз ресімдеген жеке тұлғаға кез келген мақсатқа берілген қарыздарды жатқызады.
Бұл сома 124,5 мың қарыз алушыға тиесілі болды, олар өткен жылмен салыстырғанда 35,9%-ға көбейді. Тиісінше, бөлшек кредиттер саны да өсті – 531,6 мың, ал өсім 91,6%-ды құрады.
Қарыздың медианалық мөлшері өткен жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ және бұрынғы деңгейде қалды – 100 мың теңге. ЖК бөлшек кредит берудің орташа мөлшері өткен жылмен салыстырғанда шамалы өзгеріс көрсетті – 591,8 мың теңге (+0,03%), бірақ егер 2 жыл ішінде салыстыратын болсақ, онда орташа қарыз беру 11,3%-ға азайды.
ЖК кредиттік бизнес-портфелінде 2021 жылы 109,8%-ға өсімді көрсетіп, 747,2 млрд теңге алды. Сондай-ақ жеке кәсіп ртінде 142,3 мың субъектіге кредит беріліп, олардың саны 241,5 мың субъектіге жетті. Жеке кәсіп үшін бизнес-кредиттің орташа қарызы 3 млн теңгені құрады.