«Лукойл» компаниясының таңдалуында логикалық қисын бар

Дегенмен, батыс немесе өзге елдердің санкциясына ілігіп кетуіміз де мүмкін деген қауіп жоқ емес
экономист-сарапшы

 24 қаңтарда ҚР Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасында Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан «Қаламқас теңіз, Хазар, Әуезов» жер қойнауы учаскелеріне жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізілді.

Көмірсутек саласындағы ұлттық компанияның стратегиялық әріптесі ретінде әлемдегі ең ірі қоғамдық тік интеграцияланған мұнай-газ компанияларының бірі – «Лукойл» компаниясы таңдалды.

Нәтижесінде,  6 ақпанда күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған Үлгілік келісімшарт талаптарында жасалатын көмірсутек шикізатын өндіруге арналған алғашқы келісімшартқа қол қойылды.

Жалпы, «ҚазМұнайгаз» бен «Лукойл» арасындағы соңғы келісімшартқа қатысты айтар болсақ, Бұл екі компанияның арасындағы әріптестік қатынас 2017 жылдан бер өте белсенді. Өйткені, ресейлік «Лукойл»  бізге өз активтерін инвестиялауда жоғарғы көрсетікшке ие. Оған мысал ретінде 2017 жылы «Жеңіс» 2019 жылы Әл-фараби» мұнай  кен орындарына инвестиция саған болатын.

Қазіргі келісім «Лукойл» үшін өте маңызды. Себебі, бұл компанияға батыс елдері санкция салып тастағандықтан, олар өз активтерін салатын тиімді елді іздестіріп жатыр. Сонымен қатар осыдан біраз уақыт бұрын «Лукойлдың»  Румыниядағы кен орындарын біздің «ҚазМұнайгаз»  сатып алады» деген де қауесет шыққан. Бұл әрине екі компания арасындағы стратегиялық байланысты нығайту мақсатында болуы мүмкін. Сәйкесінш бұл қадам екі жаққа да пайдалы болады деген сенім бар.

Тағы бір мәселе, қазіргі уақытта осы келісім-шарт негізінде қолтаңбалы бонус ретінде 32 миллион доллар төленген. Сонымен қатар 6 миллиард доллар тікелей инвестиция тартылған.  Өз кезегінде 2000 жаңа жұмыс орны пайда болатындығымен де құнды.

Енді біздің елімізге қандай артықшылықтар болуы мүмкін дегенде, қандай жағдай болсын,  инвестиция бізге жақсы әсерін береді. Себебі бұл біздің экономикамызға айтарлықтай  табыс көздерін ұсынады. 

Неігізінде, алдағы уақытта «Лукойлдан» басқа да компанияларды қарастыру керек шығар деп ойлаймын. Себебі осы ресейлік компанияны өзімізге тарту арқылы батыс немесе өзге елдердің санкцияларына ілігіп кетуіміз де мүмкін.   Қазіргі жағдайға қарап отырып, оны жоққа да шығара алмаймыз.  Бірақ, меніңше инвестиция тарту немесе салу ол елдің саяси қадамы деп саналмайды. Сондықтан да бздің билік осындай тәуекелге барған болар.

 Тағы бір жағынан алып қарағанда неге ресейлік компания таңдалды дегенге келсек, бұның да логикалық қисыны бар деп айтуға болар. Себебі, біздің Солтүстік-Каспиде Газпом мен Лукойлдың 15-20  жылдық тәжірибесі бар. Біздің Үкіметтің таңдауы  «Лукойлға»  түскен кезде осы жағында ескерген болу керек деп санаймын.