Брендтердің сатылымын TikTok арқылы қалай арттыруға болады
Шоппинг эволюциясы
Қазіргі тұтынушылар күн сайын адам айтқысыз көлемдегі ақпаратқа тап болады және олар көптеген опциялар мен ұсыныстардың ішінен таңдайды.
TikTok пен Boston Consulting Group-тың «Future of Commerce» зерттеуіне сәйкес, сауалнамаға қатысқан 26% пайыз тұтынушы зат сатып алу туралы шешім қабылдағанда көбірек ойланатынын, 46% тұтынушы шешімді басқа күні қабылдайтынын және 85% таңдау кезінде қолданы ауыстыратынын айтқан. Сауалнамаға қатысқандардың 34% астамы бренд контент пен жарнамаға күмәнмен қарайды.
Брендтер тұтынушылармен қарым-қатынас жасаудың ең тиімді жолдарын іздеуінің басты себебі анықталды. Қазір бизнес үшін басты басымдықтардың бірі – мақсатты аудиторияның сатып алу туралы шешімді қалай қабылдайтынын және осы процеске үйлесімді түрде қалай кіруге болатындығын түсіну.
Shoppertainment: ойын-сауық арқылы шоппинг
Зерттеуге сәйкес, сатып алушының қажеттіліктерін функционалды және эмоционалды деп бөлуге болады. Қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұтынушылар жаңа өнімдерді қарастырмай-ақ, қолайлы, баға мен сапа арақатынасын негізге ала отырып, бұрынғы әдетінше сауда жасайды. Эмоционалды құрамдас бөлікке негізделген сауда өз кезегінде жаңа ұсыныстарды қарастыру, өзіне көңіл бөліп, жаңа тәжірибе алу мүмкіндігімен байланысты.
Брендтердің мұны ескергені маңызды және компания стратегиясын жоспарлағанда клиенттерінің негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар жоғары мақсат қою, яғни эмоциялық деңгейін көздеу маңызды. Осы жерде «shoppertainment» ( «shopping» – «сауда жасау» және «entertainment» – «ойын-сауық» деген сөздерден) деген ұғым пайда болады. Пайдаланушылардың көңілін көтеру және жаңа ақпарат алуға көмектесу үшін Shoppertainment жарнамалық стратегияда контентті бірінші орынға қояды. Бренд пен оның өнімдерімен байланысты нарративке ден қоюына әсер етеді.
Сатып алушылар үшін тартымды shoppertainment-контентін жасау үшін 5 қағиданы ұстанған маңызды:
- Қызықтыратын оқиғалар айтыңыз және пайдаланушымен құнды және пайдалы ақпаратпен бөлісіңіз
- Оңай назар аударуға болатын қысқа бейнероликтерге мән беріңіз.
- Көрерменді қандай да бір шешім қабылдауға итермелемейтіндігіңізге көз жеткізіңіз, керісінше оған не қызықты екені және оны не қызықтыратыны туралы сөйлесіңіз.
- Сенімді ақпаратқа негізделген және пайдаланушыны қауымдастықтың басқа мүшелерімен бейнені талқылауын жалғастыруға шабыттандыратын шынайы контент жасаңыз.
- Аудиторияңыз сенетін сарапшылар мен инфлюенсерлерді тартыңыз және трендтерге сай болыңыз.
Өз аудиториялары үшін қызықты тәжірибе жасау өнерін меңгере алатын және оны дұрыс уақытта жасай алатын брендтер пайдаланушыларды шынымен қызықтыра алады, тұтынушылық мінез-құлқында өзгерістердің орын алуына шабыттандырады және олардың сатып алу туралы шешім қабылдау тәсіліне әсер етеді.
Онлайн платформалардың арқасында ойын-сауықты сатылымға қалай айналдыруға болады?
TikTok соңғы бірнеше жылда кез келген көлемдегі бизнеске өз аудиториясымен диалог құруға және ойын-сауыққа негізделген жарнама құралдарын пайдалана отырып, жаңа аудиторияны тартуға көмектесетін негізгі онлайн платформалардың біріне айналды. Платформаның форматы мен атмосферасы инновациялық технологиялық шешімдермен үйлеседі, брендтерге өз өнімдері туралы ақпаратпен бөлісуге мүмкіндік береді, сатып алуға ең оңай және жылдам өтуді қамтамасыз етеді және сатылымды арттыруға байланысты мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұл қалай расталады? Зерттеулер көрсеткендей, TikTok-та белсенді түрде жарнамаланатын өнімдер танымал бола бастайды, платформаға үйлесімді форматтағы жарнамалардың өзін аудитория оң қабылдайды. Осылайша, Marketcast сауалнамасына сәйкес, пайдаланушылардың 80%-ы TikTok-тағы контентті керемет қызық деп санайды, ал сауалнамаға қатысқандардың 90%-дан астамы платформа оларға жаңа нәрсені, соның ішінде жаңа өнімдер мен брендтерді табуға көмектеседі деп мәлімдейді. Платформа сатып алуға шабыттандырған TikTok пайдаланушыларының 70%-дан астамы, мысалы, сатып алу кезінде кез келген басқа платформадағы ықпал етушілерге қарағанда TikTok креаторларына көбірек назар аударғанын айтты. Сауалнамаға қатысқан төрт адамның үшеуі креатордың өнімге шолу жасауы интернеттегі шолуларды оқығаннан гөрі әлдеқайда пайдалы деп санайды.
Платформадағы жарнаманы аудитория үйлесімді түрде қабылдайтыны соншалықты, TikTok-та 8 миллионнан астам басылымдарды қамтитын #TikTokMadeMeBuyIt жеке хэштегі құрылды. Тег бойынша, әлемнің түкпір-түкпірінен келген пайдаланушылар өздерінің сатып алулары мен ұсыныстарымен бөліседі, тауарларды ашып көрсетеді және сатып алайын деп асығып жүрген нәрселері туралы айтады.
Дұрыс таңдалған TikTok құралдары мен қызықтыратын креатив брендке сатылымды айтарлықтай арттыруға, ал кейбір жағдайларда өнімді толығымен сатуға көмектеседі. Мысалы, жаһандық жарнамалық науқандардың арасында Maybelline компаниясының Sky High кірпікке арналған сүрмесі пайдаланушылар арасында соншалықты вирустық болған кезде, бір ай ішінде кірпікке арналған сүрмесі жоғары сұранысқа байланысты үнемі out-of-stock болып қалатын жағдай болды.
Шығармашылық, таргетинг және автоматтандырудың үйлесімі сатып алу жолын қалай жеңілдетеді
Конверсия және сату тұрғысынан TikTok жарнамалық науқандарының тиімділігін арттыратын негізгі құралдардың бірі – Video Shopping Ads (VSA) әмбебап форматы. Оның арқасында брендтер пайдаланушыларға өздерін қызықтыратын өнімдерді табуға көмектеседі және шығармашылық пен таргетингке негізделген функционал арқылы сатып алуға деген ынтасын арттырады.
VSA пайдаланушылардың ұсыныстары арнасына бейнеде көрсетілетін кірістірілген өнім дисплейі бар брендтік бейнероликтерді тұтастай біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл құрал сапалы визуалды контентті тікелей сату мүмкіндігімен біріктіреді: брендтер өз тауарлары мен олардың артықшылықтарын жергілікті түрде көрсететін қысқа, тартымды бейнелер жасай алады және пайдаланушыға бірден сатып алудың оңай жолын ұсынады. Бейненің ішінде көрсетілген басылатын сілтемелер көрермендерге өнім туралы көбірек білуге немесе оны қолданбадан шықпай-ақ сатып алуға мүмкіндік береді. Өнім туралы нарративке органикалық түрде тарып әкететін ойын-сауық контентінің және оңай сатып алу мүмкіндігінің үйлесімі пайдаланушылардың белсенділігін және сәйкесінше сатуды арттырады.
VSA тиімділігінің тағы бір маңызды құрамдас бөлігі – бұл бірегей таргетинг және пайдаланушылардың ұсыныстары арнасына креативтерді жүктеуді толық автоматтандыру және жекелендіру. Брендтер өз өнімдерінің үлкен каталогтарын TikTok-тың жеке аккаунтына жүктей алады, содан кейін жарнаманы пайдаланушыға оны көбірек қызықтыратын өнімге қатысты креатив пен оның сілтемесі көрсетіліп тұратындай етіп орната алады. Мысалы, таргеттеу пайдаланушының бұрын сатып алу үшін қандай тауарларды қарастырғанына, сондай-ақ оның мүдделеріне не көбірек сәйкес келетініне негізделген.
VSA электрондық коммерция (e-commerce) саласындағы брендтер үшін тамаша құрал екені анық. Мысалы, VSA тиімділігін электроника мен тұрмыстық техниканы сатуға мамандандырылған Sulpak интернет-дүкені «Best in Class» науқанында байқап көрді. Sulpak пайдаланушының интернет-дүкен өнімдеріне деген қызығушылығына негізделген өзінің жеке бейнеролик үлгісін жасады, оған Sulpak каталогындағы тауарлар көрсетілген креативтер және өнім картасының парақшасына сілтеме динамикалық түрде жүктелді. Нәтиже барлық күткеннен асып түсті: клиент өз дүкенінен нақты өнімдерді сату үшін жарнамалық науқанды оңтайландыра алды, жарнамалық салым (ROAS) 6 есе асып түсті және жоғары конверсия коэффициентін алды (CR көрсеткіші 3,14%-ға жетті).
Ұсыныстар
Ең алдымен, маркетингтік иірімнің әртүрлі кезеңдерінде мақсаттарға жетуге көмектесетін әртүрлі TikTok құралдарының үйлесімін пайдаланыңыз. Брендті ұсыныстар арнасына орналастыру, креаторлармен серіктестік, кіріктірілген витриналар мен карталар – осы және басқа да көптеген форматтар пайдаланушыларды тартуға және оларды сатып алушыларға айналдыруға көмектеседі. Трендтерді бақылап отыруды ұмытпаңыз және вирус сияқты таралу мүмкіндігі жоғарырақ тауарларды алға жылжытыңыз. Қарым-қатынаста always-on тәсілін ұстаныңыз: аудиторияңызбен үздіксіз диалог жүргізіңіз және TikTok қауымдастығымен үнемі араласып отырыңыз. Әрине, TikTok-тың брендтер үшін әзірлейтін инновациялары мен жаңа жарнамалық шешімдерін қадағалаңыз.