Президент кооперативтер құру арқылы сапалы өнім шығаруға қолдау білдіруді айтты
Алайда, бұл бастама да алдыңғы бағдарламардың кебінін кимеуі тиіс
Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі. Мемлкет басшысы өз сөзінде елдегі қордаланған біраз мәселег қатысты ойын ортаға салды. Оның ішінде ауыл шрауышылығына арнайы тоқталды.
«Ауыл шаруашылығы кооперативтері халыққа қызмет көрсету және өнім өткізу үшін құрылады. Оларға құрал-жабдық және техника сатып алу үшін субсидия беріледі. Осы мақсатқа 1 триллионға жуық теңге бөлінеді. «Ауыл – ел бесігі», «Ауыл аманаты» жобалары ауылды дамытуға арналған жаңа тұжырымдамаға арқау болуға тиіс. Топырақтың құнарын сақтап, оны жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейту маңызды. Өнім көлемін арттыруға және оны әртараптандыруға баса мән берген жөн. Ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларға сапалы заңдар қажет. Бұл жұмысқа Мәжілістен орын алған «Ауыл» партиясы өз үлесін қосады деп сенемін»,- деді мемлкет басшысы.
Жалпы алғанда елімізде ауыл шаруашылқ кооперативтерін құру туралы бастама бұған дейін бірнеше мәрте көтерілген болатын. Ол кезде де түрлі ұсыныстар енгізіліп ауқымды көлемсде қаражатта бөлінгенін білеміз. Тіпті мал басына, жем-шөпке деген сияқты жекелеген бірнеше субсидиялар да қарастырылған. Сол кезде осы аталған жобаларды бір жерден жүзеге асыру мақсатында фермерлерді кооперативтерге біріктірейік деген де әңгіме айтылған. Сол кездегі осы салаға жауапты министрлік ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында Даму қоры мен Агроқаржы холдингі сонымен қатар Атамекен кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп біраз шаруалардың басын қайырғандай болған. Алайда, біздегі осы сала әлі күнге дейін дамымамй кенжелеп отырғанын көріп отырмыз.
Осы жерде мені алаңдататын нәрсе, Президент бүгін тәпіштеп нақтылап айтып берді. Үкіметке тиісті тапсырма берілді. Ендігі жердегі сұрақ Үкіметтің оны қаншалықты тиянақты орындай алуында болып тұр. Бұл жерде Мемлкет басшысының сөзінен байқағаным, кооперативтер арқылы бұрынғы колхоз, совхоздарды қайта құруды айтып тұрған жоқ. Тек осы саладағы жекелеген шаруа қожалықтары мен фермерлердің біріге отырып сапалы өнім шығаруына қолдау білдірсек дегенді айтып отыр деп түсіндім. Ал, олардың пайдасы мен зияны қандай дегенге келер болсақ; меніңше оның бірнеше артықшылығы бар. Мәселен бірнеше фермердің бірігіп жұмыс жасауы арқылы өнім шығаруы елдегі азық-түлік нарығындағы бағаның біршама төмендеуіне әсер етеді деп санаймын. Сонымен қатар бәсекеге қабілетті тауар өндіруге де ықпал етер еді. Ең маңызды нәрсе осы сектордағы сырттан келетін импортқа тәуелділіктің азаюына әсер ете алады деп ойлаймын. Кез-келген салада импортқа тәуелділіктің төмендеуі ішкі нарықтағы сол тауар бағасының төмендеуіне тікелей әсер ететінін бәріміз білеміз.
Екінші мәселе жоғарыда айтқанымдай бұған дейін де біршама өңірлерде осындай коопертивтер құрылды. Оған жүздеген млрдтаған қаражат бөлінді. Енді бір триллион теңге бөлеміз деп отыр. Оны коопертивтер арқылы таратып бермек сияқты. Мен бұған қарсы емеспін. Бірақ, осы қаржының үдесінен шығып, бірлесе жұмыс істей алатындай кооперативтерге берсе деймін. Әйтпесе, бұған дейін осы салаға бөлінген талай қаржының «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кеткенін көрдік. Бұл жердегі тағы бір негізгі сұрақ фермерлер бұл қаржыны қалай алады? Аталған соммаға қол жеткізу үшін қандай этаптардан өтуі керек?,-деген сияқты механизмдері әбден пісіп жетілдірілуі қажет деп санаймын.
Мәселен, Президент 2,5 пайызбен несие ретінде береміз деп қалды ғой. Бізде қазіргі таңда мұндай жеңілдетілген пайызы төмен несиелерге кедергілер өте көп. Мұның арты көлеңкелі бизнеске немесе жемқорлыққа айналып кетуі де мүмкін. Бір қызығы бізде бұған дейінгі ауылшаруашылығына бөлінген қаражаттарға аудит жүргізілмей келді. Тоқаевтың бүгінгі сөзінде, «Ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларға сапалы заңдар қажет»,- деуі де осы.
Осы орайда айта кетейін, бүгін Парламенттен 6 партияның бірі болып орын алған «Ауыл» партиясының да бұл мәселені шешуге мүмкіндігі бар дегенге өз басым сенбеймін. Себебі, ол саяси институт бұған дейін өздерінің осы бағытта нақты атқарған істері мен жоспарлары туралы айтқан немесе көрсете алған емес.
Мемлекет басшысы бүгінгі сөзінде жоғарыда айтқан саланы дамыту үшін «Ауыл аманаты» «Ауыл ел бесігі» деген секілді бағдарламаларды іске қосамыз деді. Оның тұжырымдасы да дайын деуге болады. Алайда, бұл жобалар да бұған дейін пайда болып, артынан нәтижесіне келгенде жоқ болып кеткен бағдарламалардың кебін киіп қалмай ма?,-деген заңды сауал туады. Себебі бұған дейін тіпті «Ауыл жылы» деген арнайы жылдар арналған кездер де болғанын білеміз. Өкінішке орай солардың бірі де ауылдың мәселесін түбегейлі шеше алған жоқ. Сондықтан да халықтың салығы мен өзге де кірістерден там-тұмдап жиналатын осында үлкен қаржы ертеңгі күні ысырапкершіліктің құрбаны болып кетпей ме?,- деген күмәнім бар.
Президенттің бүгінгі айтқан мәселесі ертеңгі күні тек қаржының есебін берумен ғана шектеліп қала ма деп ойлаймын. Сондықтан, жаңа келетін Үкіметтен Парламент санға емес сапаға жұмыс істеулерін талап етулері керек деп санаймын.