2025 жылғы қаңтарда Қазақстандағы тұтынушы сенімділігі күрт нашарлады

Freedom Finance Global талдаушысы

Freedom Finance Global Қазақстан тұрғындарының тұтынушы сенімділігін, инфляция және девальвация бойынша күтулерін зерттегеніне екі жыл үш ай болды. Зерттеу 2025 жылғы қаңтарда тұтынушылық сенімділіктің айтарлықтай төмендегенін және 93,2 пункт деңгейіне түскенін көрсетті. Бұл – зерттеу жүргізілген уақыттан бергі екінші ең төмен көрсеткіш. Жағымсыз жауаптар оң жауаптардан басым бола бастады. Оптимизмнің төмендеуі барлық аспекті бойынша орын алуда, әсіресе, экономикалық жағдайды бағалауда құлдырау байқалады. Көкөніс пен жеміс-жидек бағасының өскеннен, инфляциялық бағалау бір айда өсті. Екінші жағынан, инфляциялық күтулер бұрынғы деңгейде қалды, ал девальвациялық күтулер теңгенің қаңтар айының ортасынан бастап нығаюынан төмендеді. 

Талдаушылар ай сайын Қазақстанда 3 600 сауалнама жүргізеді. Бұл түрлі параметрлерді бағалауға жеткілікті іріктеу. Зерттеулер әлемнің көптеген елдерінде тұтынушылық сенімділік индекстерін алу үшін пайдаланылатын және United Research Technologies Group компаниясы жергілікті міндеттерге бейімделген әдіснамаға негізделеді. Деректерді жинау әдісі – телефон арқылы сұрау. Пікіртерім сауалнамасы бейімдендірілген: зерттеу респонденттердің ана тілінде жүргізіледі.

Экономиканың болашағы күмәнді

Алдағы 12 айдағы экономикалық жағдайдың өзгеруі болжамының қосалқы индексі 15,8 пунктке дейін түсіп, ең төменгі көрсеткішке жетті. Экономикалық жағдай жақсарады дейтіндер үлесі желтоқсандағы 54,9% -дан қаңтарда 45% -ға дейін төмендеді. 

Жасына қарай бөліністе оптимизмнің түсуі барлық топта байқалуда. Ең көп нашар көзқарас 60 жастан асқан адамдар арасында тіркеледі. Онда оң көзқарастағы респонденттердің үлесі 52-ден 39,5% -ға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш барлық жас топтарының ішіндегі ең нашар көрсеткіш. Сондай-ақ 29 жасқа дейінгі жастар арасында экономикалық жағдайдың жақсаруын күтетіндердің үлесі 10 п.п. астам төмендеді. Дегенмен аталған жас тобы 49,8% көрсеткішпен көшбасшы болып қала береді. 45-59 жастағы адамдар арасында жағымды пікірдің төмендегені байқалады. Олардың көрсеткіші 49,9-дан 43,5% -ға дейін түскен. 

Өңірлік жоспарда экономикалық ахуал өзгерістерінің болжамы бойынша оптимизмнің төмендеуі іс жүзінде барлық жерде байқалады. Шығыс Қазақстан облысын ерекше атап өтуге болады, онда оң жауаптардың үлесі 40,8-ден 44,7% -ға дейін өсті. Дегенмен қаңтар айының көшбасшылары Шымкент қаласының тұрғындары болды, онда респонденттердің 51,5%-ы жауаптардың оң нұсқаларын таңдады. Үлестік көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында ең көп төмендеген, 61,7% – дан 38% – ға дейін тіркелді. Сондай-ақ бір айда 12 п.п. артық едәуір төмендеу мына облыстарда байқалады: Қызылорда, Ақтөбе, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақмола облыстары.

Ірі зат сатып алу үшін қазіргі жағдай нашар

Ірі зат сатып алудың қолайлылығын бағалаудың қосалқы индексі желтоқсанмен салыстырғанда 11,8 пунктіге төмендеп, 62,3 пунктіге жетті. Бұл нәтиже зерттеу жүргізілген уақыт ішінде ең төмен нәтиже болды. Ірі зат сатып алу үшін қазіргі жағдайларды қолайлы деп санайтын қазақстандықтардың үлесі 31,8-дан 26,4% -ға дейін төмендеді. 

Жас топтары арасында 60 жастан асқан респонденттердің оптимизмні ең көп төмендеген. Олардың ішіндегі оң жауаптардың үлесі 26,8-ден 19,3% -ға дейін түскен, бұл жас топтары арасындағы ең нашар нәтиже болды. Бұл жерде 29 жасқа дейінгі жастар ең жақсы жауап берді – 34,2%, бірақ бұл көрсеткіш қаңтар айына қарағанда 3,9 пайызға аз. Сондай-ақ ірі зат сатып алу үшін қазіргі жағдайлардың қолайлылығын атап өтетіндер үлесінің айтарлықтай төмендеуі 45-59 жастағы адамдар арасында байқалады: 29,8-ден 23% -ға дейін. 

Өңірлік бөліністе Жетісу, Атырау облыстары және Астана қаласын қоспағанда, барлық өңір бойынша нашарлау орын алды. Бұл өңірлерде оң жауаптардың үлесі желтоқсанмен салыстырғанда аздап өсті. Дегенмен қаңтар айында Қостанай облысы 33,3% көрсеткішпен көш бастады, бұл желтоқсанға қарағанда 4 пайыздық пунктіге аз. Ал бірнеше өңірде оң жауаптар үлесінің бірден төмендеуі 10 п.п. астам болды. Ең көп төмендеу Қызылорда облысында тіркелді – 16 п.п. Сондай-ақ көрсеткіш Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында 10 пайыздық пунктіге төмендеді. Екінші жағынан, ең нашар нәтижені ШҚО респонденттері көрсетті, онда көрсеткіш 20,5% -ды ғана құрады, бұл желтоқсандық мәннен 6,2 п.п. аз.

Жеке материалдық жағдай бойынша болжамдар күрт нашарлады 

Алдағы 12 айда жеке материалдық жағдайдың өзгеруі болжамының қосалқы индексі де 9,8 пунктіге азайып, 2023 жылдың қыркүйегінен бергі ең төменгі көрсеткіш болып шықты. Осылайша көрсеткіш зерттеу басталғаннан бергі екінші ең төмен көрсеткіш болды. Материалдық жағдай жақсарады деп санайтындардың үлесі желтоқсанда 50,8% -дан қаңтарда 44,8% -ға дейін төмендеді. 

Жас бөлінісінде пессимизмнің айлық өсуі барлық топта байқалды. Оның ішінде басқаларына қарағанда 60 жастан асқан аға буын ерекшеленді. Осы жас тобындағы жеке материалдық жағдайының жақсаруын күтетіндердің үлесі бір айда 35,9% -дан 23,8% -ға дейін төмендеді. Бұл барлық жас топтары арасындағы қаңтардың ең нашар мәні болды. Сонымен қатар басқа жастарда оң жауаптар үлесінің төмендеуі елеулі емес және шамамен 3-4 п.п. құрады. 29 жасқа дейінгі жастар абсолюттік көшбасшы болып қалуда, олардың ішінде осындай көрсеткіш 66,5% -дан 62,1% -ға дейін төмендеді.

Өңірлік бөліністе көрсеткіштердің нашарлауы Жетісу және Маңғыстау облыстарын қоспағанда, іс жүзінде, барлық жерде байқалады. Бұл салаларда жеке материалдық жағдай мәселесінде оптимистік көзқарастағы респонденттердің үлесі 5 п.п. артты. Осылайша Маңғыстау облысы 59,8% көрсеткішпен қаңтар айының көшбасшысы болды. Екінші жағынан, оң жауаптар үлесінің едәуір нашарлауы Павлодар облысында тіркелген, яғни көрсеткіш 51,8% -дан 35,8% -ға дейін төмендеген. Сондай-ақ Ақмола мен Қостанай облыстарындағы, сондай-ақ Шымкент қаласындағы осындай үлес бір айда 10 пайыздық пунктке төмендеді. Дегенмен қаңтарда ең нашар нәтижені Солтүстік Қазақстан облысы көрсетті, онда оң көзқарастағы тұрғындардың үлесі 27,9% -ды ғана құрады, бұл желтоқсанға қарағанда 9,7%-ға аз.

Халықтың инфляциялық бағасы күрт өсті

Қазақстан тұрғындарының инфляцияны бағалауы үшінші ай қатарынан өсіп отыр. Бұл ретте өсу айтарлықтай елеулі. Өткен айда респонденттердің 51,8%-ы (желтоқсанда – 42,6%) бағаның қатты өскен көрсетті. Ал жыл аралығында бағаның тез өсуін байқағандардың үлесі осындай қарқынмен өсті: желтоқсандағы 52,4% -дан соңғы деректерді жинау кезінде 57,8% болған. Осылайша, бірінші көрсеткіш зерттеудің барлық уақытындағы ең жоғары көрсеткішке, ал екінші көрсеткіш 2024 жылғы наурыздан бастап ең жоғары көрсеткішке жетті. 

Ал қазақстандықтардың инфляциялық күтулері инфляцияны бағалаудан айырмашылығы бейтарап нәтиже көрсетті. Бір айдың ішінде бағаның күшті өсуін күтетін адамдардың үлесі 24,7% -дан 23% -ға дейін төмендеді, ал келесі 12 айда бағаның өсуін күтетіндердің үлесі желтоқсанда 25,6% -дан 26,3% -ға дейін аздап өсті.

ҚР Ұлттық Банкінің инфляциялық бағалау және күтулер бойынша зерттеуі де бағалау мәселесінде де осындай, бірақ елеулі емес динамиканы көрсетті, ал күтулер мәселесінде айтарлықтай төмендеу болды. Ұсынылған деректерге сәйкес бағаның күшті өсуін күтетіндердің үлесі бір жыл ішінде 30,2% -дан 26,9% -ға дейін төмендеді. Ал бір айдың көкжиегінде осыған ұқсас көрсеткіш 32,8% -дан 23,3% -ға дейін күрт кеміді. Жалпы алғанда желтоқсан айында көрсеткіштер күрт өскенннен кейін оптимизмнің кері қалпына келуі орын алды. Инфляциялық бағалар өсуін жалғастырды. Егер бағаның өсуін бағалау бойынша соңғы айда респонденттердің үлесі 37,8% – дан 39,4% – ға дейін көтерілсе, онда бағаның жылдам өсуін көрсететіндердің үлесі алдыңғы 12 айда 45% – дан 47% – ға дейін ұлғайды. 

Жекелеген тауарлар мен қызметтердің ішінде қазақстандықтардың көбісін азық-түлік бағасының айтарлықтай өсуі алаңдатуда. Дегенмен бұл жолы он алты айда алғаш рет ең қымбаттаған 4 тауардың тізімі өзгерді. Бұл ТКШ қызметі болды, оларға тарифтердің күшті өсуін респонденттердің 25% (желтоқсанда 17,2%) байқады. Осылайша бұл атау «Нан және нан-тоқаш өнімдерінен» сәл озып, 4-ші орынды иеленді. Қаңтар айында бірінші орында «Көкөністер мен жемістер» санаты тұр. Олар бойынша бағаның күшті өсуін байқаған адамдардың үлесі зерттеу жүргізілген барлық уақытта рекордтық 52,7%-ды құрады, бұл желтоқсандық мәннен 30,1% жоғары. Сондай-ақ осындай көрсеткіш «Ет, құс» бойынша 37,2% -дан 43,5% -ға дейін өсті. Бензин мен ЖЖМ бойынша үлестің 7,4-тен 11,3% -ға дейін айтарлықтай өсуін атап өтейік. Бұл бағаны реттеудің күшін жоюдан туындауы мүмкін. Ресми статистикаға сәйкес, көкөніс пен жеміс-жидек бағасы қаңтарда орта есеппен а/а 3,6% -ға өсті. Бір айда картоп (+ 16%), қырыққабат (+ 8,8%) және қияр (+ 5,4%) қымбаттады. Сол арқылы ресми деректер тұрғындардың көңіл-күйін толық растайды. Ет пен құс бойынша а/а 1,1% құрап, бағаның айтарлықтай өсуі байқалмайды. ТКШ қызметтері қаңтарда орташа есеппен а/а 1,4%-ға өсті. Тарифтердің айлық өсімі тұрғын үйді ұстау және орталық жылыту бойынша 2% -дан астам өскен. 

Девальвациялық күтулер шамалы төмендеді

Қазақстандықтардың девальвациялық күтулері үш ай қатарынан өсіп, зерттеу жүргізілген уақыттағы рекордтық мәндердің жаңаруынан кейін төмендеді. Қаңтарда доллар бағамы шамамен 1,2% -ға төмендеді, алайда сауалнама ақпанда бағамның күшті құлдырауы жағдайында жүргізілгенін ескерсек, тұрғындардың көңіл-күйі біршама жақсарды. Нәтижесінде теңгенің әлсіреуін күтіп отырған қазақстандықтардың үлесі 64,2% -дан 61,3% -ға дейін төмендеді. Ал ай ішінде – 46,1-дан 39,1% -ға дейін. 

Қорытындылар

Қазақстандықтардың тұтынушылық сенімі жаңа 2025 жылдың басында теріс кқрсеткіш көрсетті. Бұл жағымсыз жауаптардың оң жауаптардан басым екенін көрсетеді. Барлық өңірде және барлық жас санатында көңіл-күйдің айтарлықтай және жаппай нашарлауы тіркелді. Бұл ретте оптимизмнің төмендеуі индексті анықтайтын барлық мәселе бойынша орын алды. Желтоқсанмен салыстырғанда болжам бойынша да, бағалау бойынша да экономикалық жағдайға қатысты оң пікірдегі қазақстандықтардың саны әлдеқайда аз. Нәтижесінде экономикалық ахуалды бағалау зерттеудің барлық уақытында абсолюттік минимумға дейін төмендеді: экономиканың алдыңғы 12 айда жақсарғанын атап өткен адамдар саны осынша аз болған емес. Сондай-ақ экономикалық болжамдар мәселесіндегі оптимистердің үлесі едәуір төмендеді. Бұған қаңтар айының соңында басталған қосылған құн салығын ұлғайтуды қызу талқылау, сондай-ақ бензин бағасын реттеуді алып тастау түрткі болуы мүмкін. Дегенмен бұл оқиғалар халықтың инфляциялық күтулеріне әсер еткен жоқ. Сонымен қатар жеке материалдық жағдай бойынша оптимизмнің айтарлықтай азайғанын атап кету керек.  

Қаңтарда инфляциялық бағалау мен күтулердің динамикасы инфляциялық бағалардың күрт өсуін ескере отырып, көбіне теріс болды деуге болады. Бұл, ең алдымен, қаңтар айында көкөніс пен жеміс-жидек бағасының өсуінен болуы мүмкін. Тұрғындардың мұны да атап өтулерінің себебі сауалнамаға қатысқан респонденттердің жартысынан көбі көкөніс пен жеміс-жидек бағасының қатты өскенін ұмытпағанын көрсетеді. Бұл тауарлар бойынша мұндай үлес зерттеудің барлық уақытында жоғары көрсеткіш көрсетті. Оның үстіне бағалаудың өсуі Ұлттық Банктің осыған ұқсас сауалнамасы бойынша да орын алады. Дегенмен, тұтастай алғанда инфляциялық күтулер бұрынғы деңгейде қалды. Қазақстандықтар бағаның қазіргі өсуін уақытша деп санауы мүмкін. Оның үстіне қаңтарда, әсіресе, ақпан айының басында доллар бағамы бірнеше айдан кейін айтарлықтай төмендеді. Бұл девальвациялық күтулерге де оң әсер етті. Келесі айдың және жыл ішінде теңгенің әлсіреуін күтетін адамдар азайып барады. Келесі ақпандағы сауалнамада пессимистер үлесінің одан әрі төмендеуін күткен жөн. 

Қазақстан халқының тұтынушылық сенімін зерттеудің 27-ші толқыны айтарлықтай нашарлап, көп айлық антирекордтарды көрсетті. Қаңтар айында желтоқсан айына қарағанда, тұрғындар елдегі экономикалық жағдайға алаңдауда. Егер алдағы айларда қоғамда теңгенің нығаюымен бірге ҚҚС-ты қызу талқылау, басылатын болса, бұл ақпан және наурыз айларында тұрғындардың көңіл-күйін жақсартуы мүмкін. Оның үстіне инфляциялық күтулер бұрынғы деңгейде қалып отыр, ал Ұлттық банктің пікіртерімі бойынша тіпті төмендеді. Бұл тұтынушылық сенімнің қалпына келуіне де көмектесуі мүмкін.