Қытайға Ресейден газ құбырын тарту еліміз үшін тиімді
Қазақстан мен Ресей еліміздің солтүстік-шығысын газдандыру және Қытайға ресей газын экспорттау үшін бірнеше газ құбырын тарту мәселесін талқылап жатыр. Соның ішінде Омбы немесе Барнаулдан Алашаңқайға құбыр тарту нұсқасы қарастырылып отыр. Осы жобада Қазақстандық тарап ресейлік газдың құнына қатысты қандай да бір проблемаға душар болуы мүмкін деген болжам бар. Себебі, біздегі газ тарифы Ресейдің ішкі нарығындағы бағадан біршама төмен.
Бұл жерде бірінші мәселе Қазақстанның географиялық орналасуы үлкен транзиттік хаб болуына мүмкіндік береді. Еліміздің ешқандай теңізге шыға алмауының өзі Қытайды еуропамен, Ресейді қытай мен байланыстыруда бірден-бір дәліз ретінде мүміндік беріп отыр. Сондықтан, Қазақстанның геоорналасуы транзиттік, экономикалық маңызға ие. Сонымен қатар, Қытайдың ішкі сұранысын біз өте жақсы білеміз. Оның ішінде газға басқа да табиғи өнімдерге деген сұранысы өте жоғары. Сондықтан ресейдің оңтүстік көршімізге экспорттайтын газын Қазақстан арқылы жүргізуі біздің экономикамыз үшін айтарлықтай табыс көзі деп айта аламыз.
Екінші бір айтылып жүрген мәселе газ тарифіне қатысты. Бұл жерде ресейлік газ құбыры өтуі біздегі газдың бағасына әсер ету етпеуі екі түрлі жағдайға байланысты. Бірден айтатын мәселе бұл тек транзиттік бағыт болғандықтан аса әсер ете қоймайды. Сеебебі бұл біздегі газ өндірісінің көлеміне ешқандай өзгеріс әкелмейді.
Тек мынандай жағдайда ғана әсер етуі мүмкін деп айта аламыз. Егерде, біздің солтүстік өңірлермізді газбен қамтатамыз ету кезеңінде ресейден келетін көгілдір отынды сатып алып пайдаланатын болсақ ғана белгілі бір жағдайда тариф айырмашылығы болуы ықтимал.
Бұл жерде мынандай мысалды айта кеткім келеді. Егер естеріңізде болса Қытай біраз уақыт бұрын Ресей арқылы Еуропамен байланыстыратын темір жол магистралын салды. Одан кейін Қазақстан арқылы Батыс-Еуропа, Батыс-Қытай тас жолын салды. Қазіргі таңда еуропаның ресейге салған көптеген түрлі санкцияларының кесірінен қытайдың тауар артқан вагондары еуропаға жете алмай ресейлік кеден бекеттерінде қаңтарылып тұр. Оның үстіне Ақш пен Еуропаның Қытайға жасап жатқан басқа қысымдары да ол елдің экономикасына айтарлықтай кері әсерін тигізіп отыр.
Сондықтан, қазіргі таңда, Қытай да Ресейде бұндай жобаларды қызу талқылау үстінде. Тіпті, Қытай билігі көрші Өзбекстан, Қырғызстан арқылы Еуропаға одан қала берді Ауғанстан мен Иранға шығатын темір жол салуды нақтылап жатыр. Алдағы уақытта осы жобалары іске асса, Қазақстан ол жобада бірден-бір темір жол дәлізі болатыны анық. Бұл да ел қоржынынына түсетін айтарлықтай қаржының көзіболмақ. Тек, шекаралық бақылаумен кедендік текстерісті күшейтуді жолға қоя алса болғаны. Дәл сол сияқты бүгінгі талқыланып жатқан ресейлік «Газпромның» Қытайға жеткіземіз деген газы біз арқылы өтетіндігі жоғарыда айтқанымдай бізге айтарлықтай қаржылық табыс әкелмек. Мен бұл жобадан басқадай кері әсер көріп тұрған жоқпын.