TikTok-та жергілікті жарнаманы қалай жасауға болады, ал платформа бизнес үшін несімен қызық?
TikTok-та бизнес: алып халықаралық корпорациялармен бірге жергілікті компанияларды, шағын және орта бизнес, электрондық саудадан бастап, FMCG ға дейін, бөлшек саудадан сән үйіне дейін, сұлулық сегментінен видеоойындар құрастыруға дейінгі кез келген ауқымдағы және әртүрлі салалардағы өз аудиториясын таба алады.
Неліктен жарнама берушілер TikTok-ты таңдайды?
Қазақстан нарығында TikTok For Business жарнамалық жабдықтар жинағы 2021 жылдың қыркүйегінде қолжетімді болды, алайда осы қысқа мерзімде біз үлкен табыстарға жетіп, серіктестерімізбен бірге жүздеген жарқын жарнамалық науқандар мен жобаларды жүзеге асыра алдық. Бірнеше себептерге байланысты TikTok жарнама берушілер арасында сұранысқа ие болып келеді.
Бұл жерде шешуші рөлді саны қазірдің өзінде әлем бойынша 1 миллиард адамға жеткен платформа қолданушыларының қауымдастығы атқарып тұр. Бұлар әртүрлі буын өкілдері – жастар, ересек адамдар мен тіпті, зейнеткерлер. Олардың бәрі TikTok-қа жаңа нәрсені білу үшін, өз шығармашылығымен бөлісіп, жәй ғана көңіл көтеру үшін келеді. Оларды тақырыптардың кең ауқымдылы қызықтырады: сән мен макияж, аспаздық, көгалдандыру, технологиялық пікірлер, саяхаттар, музыка, мәдениет сындыоларға таным көкжиегін кеңейтуге және жәй ғана уақытты жақсы өткізуге көмектесетіннің барлығы ұнайды.
TikTok қауымдастығының ерекшелігі мен тартымдылығы тек оның көлемінде ғана емес, мәселе сонда, бұлар белсенді, өнертапқыш әрі бәріне қатыса кететін жандар. Олар түрлі трендтерге қосылады және өз қалауымен трендтер орната алады, пікір алмасады және жаңа тәжірибемен келген әсерлерімен бөліссе – бұл жерде сауда тақырыбы да шет қалмайды. Платформада жарнамаланатын тауарлар танымал бола бастайды, ал осы үдерістің өзін аудитория соншалықты үйлесімді қабылдайды, тіпті TikTok-та қаралымы 50 миллиардтан асқан өзіндік #TikTokMadeMeBuyIt хештегі қалыптасты. Белгілеу арқылы қолданушылар өздерінің сатып алған заттары мен ұсыныстарымен бөліседі, тауарларды орамдарынан шығарып, сатып алған тауарларын тағатсыздана баяндайды. Мұнан да бөлек, Material компаниясының халықаралық зерттеулеріне сүйенсек, 2022 жылы Tiktok қолданушыларының 65%-ы онлайн сатып алу барысында әрқашанда платформа креаторларының шолулары мен ұсыныстарына сенетінін білдірген. Сондықтан өз өнімдерін TikTok-та қызықты және үйлесімді ұсына алатын брендтерге сатылымдарын айтарлықтай арттыруға барлық мүмкіндік бар.
Ал енді TikTok миллиондаған қауымдастықпен барынша тиімді әрекеттесу үшін кез келген ауқымдағы және әртүрлі салалардағы компанияларға арналған инновациялық жабдықтар ұсынады. Мұнда кез келген бизнес-мәселенің түйінін шешуге арналған тиімді жабдықтар табуға болады: бренд туралы білімді арттыру мен қамтуды ұлғайту, жарнамалақ коммуникацияға деген аудиторияның қатысуға тарту мен тіпті, сатылымды көбейту.
TikTok-та кампания құруда үйлесімділік пен шығармашылық тәсілді біріктірудің арқасында қоғамдастық оны барынша оң қабылдайды. Kantar* зерттеулері бойынша, біздің қолданушылардың 74%-ы платформадағы жарнамалық материалдарды шығармашылық тұрғыда бағалайды, ал 67%-ы TikTok-тағы жарнаманы ерекше деп есептейді.
TikTok-та брендтер маркетингті жаңа деңгейге көтеріп жатады, өздерінің шығармашылық әлеуетін ашып, аудиториямен байланысын бұрынғыдан да ашық етіп, сенімге кіре отырып, бұрынғыдан да көп адамның жүрегіне жол табады.
Аудиторияның тілін қалай табуға болады?
TikTok-тағы атмосфера көп жағдайда «шынайылық» сөзімен астасады. Адамдар платформаға авторлар сияқты, шынайы контент үшін, дәл солай өздерін қызықтырған брендтер үшін келеді. Брендтер де қолданушылар сияқты қауымдастықтың мүшелері. Біздің қоғамдастық жоғары ықтималдықпен мінсіз түсірілген, монтаждалған бірақ жанын салмаған контентке қарағанда, өзінің байланысында креативті әрі шынайы болудан қорықпайтын бизнеске сенеді, ұнатады. Сондықтан TikTok-та брендтер шығаратын контентер көп жағдайда қарапайым қолданушылар түсірген видеоға өте ұқсас. Біз бизнесті жай ғана жарнама жасау үшін ғана емес, қолданушылармен бір толқында өзара түсіністікке және оларға қызықты контент жасауға құлшындырамыз, мейлі бұл ойын-сауық немесе пайдалы болсын. Осындай әдістердің бірі – жеке аккаунт ашу мен TikTok тағы креаторларынан қалыспай контент жасау. Бұл нақты ешқандай шығынды қажет етпейтін платформадағы ең қолжетімді интеграция – тек қолыңызда смартфон болып, шығармашылық көңіл-күй мен платформадағы трендтерде хабардар болу шарт. Сондықтан ресурс жағынан кез келген көлемдегі бизнес оны пайдалана алады.
TikTok миллиондаған қауымдастығының жүрегін қалай жаулауға және брендтер мен өнімдері туралы білімді қалай арттыруға арналған бірнеше ұсыныс:
- Контент жасауға жан қалауымен келіп, платформа қауымдастығына не қызықты екенін белсенді түрде бақылаңыз, оның арасында қайсысы трендке айналып, қайсысы «жұқпалы» екендігін бақылаңыз. Жаһандық болсын, Қазақстандағы жергілікті танымал ма – көңіл-күйлерді, трендтік мемдерді, әзілдер мен әуендерді аңғарып отыру қажет.
- Сынақтарға барудан қорықпаңыз, өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді барынша жүзеге асырып, бренд құндылықтарын шынайы контентпен таратыңыз. Осылайша, сіз қолданушылар үшін де, платформада өздерін сынап жатқан басқа компаниялар үшін де платформалық тренд-сеттер болу мүмкіндігін арттырасыз.
- Контент жасау мен жарнамалауда жүйелілікті ұстаныңыз және өз аудиторияңызбен үздіксіз диалог ұстаңыз. Сіз пікірлерді қолданушылардан кері байланыс алу мақсатында қолдана аласыз, ал бейнероликтерде – аудиторияңызға жақын қызықты тақырыптарды ойнатып, өзекті сауалдарға жауап бере аласыз.
Сынақтар жасаңыз, платформада табыстарға жетіп қойған брендтерден шабыт алыңыз, өзіңіздің жеке шығармашылық стиліңізді іздеп, TikTok миллиондаған қолданушыларының махаббатына бөленіңіз.