Жұмыссыздар мен әрекет етпейтін ЖК-лер медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуге міндетті
2017 жылдан бері Қазақстанның денсаулық сақтау саласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) түріндегі жаңа ережелер қолданылып келеді. Жүйе жұмысының мәні, еліміздің әр азаматы медициналық қызметтерді тегін пайдалануға және дәрі-дәрмектерді алуға құқылы.
Алайда қызметтер мен дәрі-дәрмектерді тегін алу үшін, әр азамат медициналық сақтандыру қорына (МСҚ) ақша аударып отыру керек.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға сәйкес, қорға жасалатын аударымдар екіге бөлінеді: жарна және аударым. Олардың айырмашылығы неде?
Естеріңізге салсақ, аударымдар – ол жұмыс беруші өз қаржысы есебінен төлейтін ақша. Бірден айтып кетейін, қорға ақша аударымдарын тек жұмыс берушілер өз қаржысы есебінен төлейді. 2019 жылы аударымды төлеу қызметкердің еңбекақысының 1,5% ставкасымен есептелінеді. 2020 жылдан жұмыс берушінің аударымдарға қатысты салықтық жүктемесі 1,5%-дан 2%-ға дейін өседі.
Жарна – қорға жарна төлеушілердің өздері төлейтін ақша. Олардың қатарына еңбеккерлер, азаматық-құқықтық сипаттағы келісімдер бойынша табыс табатын жеке тұлғалар, ЖК-лер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар, жұмыссыздар, мемлекет және өзін өзі жұмыспен қамтитын азаматтар жатады. МӘМС туралы Заңға енгізілген өзгерістер салдарынан, 2019 жылы жарналар төленбейді – оларды төлеу 2020 жылғы 1-қаңтардан басталады.
Мәселен, жұмыс беруші аударымдарды төлеуден бөлек, есептеу нысанының (есептелген табыс) 1% көлеміндегі жұмыскердің жарнасын ұстайды және төлейді, бірақ 10 ең төменгі еңбекақыдан артық емес сомада.
Азаматық-құқықтық сипаттағы келісімдер бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар 2020 жылғы 1-қаңтардан келісім әрекет ететін мерзім ішінде медициналық сақтандыруға алатын табысының 1% көлемінде жарна төлеуге міндетті. Бұл міндеттемені орындамау мүмкін болмайды, өйткені сіз жарнаны өз бетіңізбен аудармайсыздар, сіз үшін оны қызмет алушы (салық агенті) жасайтын болады. Яғни, сіз қызмет көрсететін компания сіздің табысыңыздан жарналар сомасын ұстауға және оны медициналық сақтандыру қорына аударуға міндетті.
ЖК-лер мен жекеше тәжірибемен айналысатындар үшін жарналардың пайыздық ставкасы бөлек есептелінеді: олар өздері үшін ай сайын ең төменгі еңбекақының 1,4-нен 5% (бұл ай сайын 2 975 теңге немесе жылына 35 700 теңге) төлейді.
Бұл заңдағы ең қызық дүние, жұмыссыздар мен әрекет етпейтін ЖК-лер де 1 айлық ең төменгі еңбекақыдан 5% (яғни, ай сайын 2 125 теңге немесе жылына 25 500 теңге) төлеуге міндетті. Мұндай жағдайда бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) қатысушысы ретінде тіркеуге тұрған және айына 1 АЕК төлеген жөн, 2020 жылы ол қала үшін 2 651 теңгені құраса, ауыл үшін 0,5 АЕК-ті (1 326 теңге) құрайды, оның 40% МӘМС жарнасының төлемі ретінде есепке алынады.
Осы орайда, жұмыссыздар, әсіресе, ЖК ретінде тіркелген, бірақ қазір әрекет етпейтін немесе уақытша тоқтатқандар жарнаны қай ақша есебінен төлейді, деген орын сұрақ туындайды. Сондықтан мен жұмыссыздардың және әрекет етпейтін ЖК-лердің МӘМС-ке төлем жасау жөніндегі міндеттемелерін алып тастаған әділетті болады деп есептеймін, өйткені олардың табысы жоқ.