«Қайрат» – «Реал» матчы Астанада өтпейді. Қазір бұл мәселе талқыланып жатқан жоқ. Қазақстанда өтетін төрт ойын да Алматыда ұйымдастырылады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев айтты. «Ойындар Алматыда өтеді. Бұл нақты ақпарат. Мұны қала әкімдігі, «Қайрат» футбол клубымен бірлесіп бекіттік. Стадионның дайындығына келсек, УЕФА…