
АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы әйгілі «MetLife Stadium» аренасында өткен клубтар арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионатының финалында ағылшынның «Челси» клубы күтпеген сенсация жасап, Францияның ПСЖ командасын 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Матч барысы толықтай «Челси»-дің пайдасына өрбіді. Лондондық клуб сапынан Коул Палмер дубль авторы атанды. Қарсылас қақпасына 22-ші және 30-шы минуттарда гол соқты.…