Азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмыс істейді
Жарияланды
Төтенше жағдай 15 сәуірге дейін жалғасады
Қазақстанда азық-түлік дүкендер мен базарлар төтенше жағдайда да жұмыс істейді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінде хабарлады.
«Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі республикада енгізілген төтенше жағдайлар кезінде азық-түлік базарлары мен дүкендер жұмысын жалғастыратындығын хабарлайды. Азық түлік дүкендері де басқа да шағын маркеттер, сауда-ойын-сауық орталықтарынан тыс орналасқан өзге бизнес нысандары иесінің қалауына қарай жұмысын жалғастыра алады »,-деп мәлімет таратты министрлік.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен коронавирустың таралу қаупіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Шектеулер 16 наурыздан 15 сәуірге дейінгі мерзімге енгізілді.