Қазақстанда карантинді біртіндеп жеңілдету жоспарланып отыр

Жарияланды
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған

Үкімет басшысы Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына ұсынуды тапсырды. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, елдегі эпидепиологиялық ахуалдың біршама тұрақтануы 5 тамызға дейін жариялаған карантинді біртіндеп жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

Қазіргі кезде елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асып, соның ішінде  73702 пациент емделіп шықса, 1269 адам қайтыс болды. Сонымен қатар КВИ белгілері бар пневмонияны 13 337 адам жұқтырған, бұл аурудан 173 адам көз жұмды. 

«Жалпы қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралуы деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштер қарқынды төмендеуі тіркеліп отыр. Соның ішінде вирустық репродуктивтілік деңгейінің орташа көрсеткіші 0,82 пайызға дейін төмендеді. Емделіп шыққандардың үлесі 73,6 пайызды құрап отыр», – деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Алексей Цой  келтірген мәлімет бойынша, вирус репродуктивтілігі немесе 1 науқастың өзгелерге жұқтыру көрсеткіші 1,72 болатын. Карантин енгізгеннен кейін репродуктивтілік көрсеткіші екі есе, 0,82-ге дейін төмендеген. Бес апталық каран ин кезінде ауру-сырқауда азайған. Керентинге дейін 100 адамғар шақққанда 56,73 адама вирус жұқтырса, шектеу шараларының арқасында бұл сан 36,2 дейін азайған. 

Осы аралықта ауруханадағы орындар жүктемесі 62%-ға азайған. Мобильді бригадалардың қатары 7,6 есе өсіп, қазір 3640 бригада жұмыс істеп тұр. Жедел жәрдем шақыру 62%-ға,  жалпы ел бойынша аурудың күн сайынғы өсімі 2 есе төмендеген. 

«Караннтиді тек қатаң түрде маска тағып, бұкіл ақпарат арналары арқылы  халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу арқылы ғана жеңілдету керек», – деді Цой. 

Карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету жайлы нақты жоспар бейсенбі күнгі үкімет отырысында қаралатын болады. 

 

 

Сондай-ақ оқыңыз