АҚШ-тың қаржы министрі Өзбекстанды ДСҰ-ға қосылуға шақырды
Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қосылуы елдің ДСҰ-ға кіру процессін күрделендіріп жіберуі мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың қаржы министрі Уилбур Росс 22-қазанда Вашингтонда өткен Американдық-өзбек сауда палатасының бизнес-форумында мәлімдеді.
«Нарықтық реформалардың аса маңызды мақсаттарының бірі Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі болып табылады. Біз бұл ұмтылысты табанды түрде қолдаймыз және ДСҰ-ның сыртқы сауда туралы Меморандумында көрсетілген сұрақтарына ел үкіметінің жауабын тағатсыздана күтеміз. Осымен бір мезетте, біз өзіміздің өзбек әріптестерімізді жаңа келісімдердің ДСҰ-ға кіруге тигізетін әсерін мұқият қарауға шақырамыз. Мәселен, дәл қазір Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу ДСҰ-ға Өзбекстан басшылығы белгілеген уақытта кіру процессін күрделендіріп жіберуі мүмкін», – деп атап өтті Уилбур Росс.
Оның айтуынша, АҚШ пен Өзбекстанның қарым-қатынасы табысты даму үстінде. Бір жыл ішінде тауар айналымы екі есе артқан: 2017 жылғы $136 млн-нан 2018 жылғы $ 300 млн-ға дейін. Американдық министр экономикалық өсім, сауданы, инвестиция құюды дамыту және аймақтағы басқа елдермен әрекеттесуді дамыту мәселелрі бойынша АҚШ-тың Өзбекстанмен стратегиялық әріптестікке бағыт алғанын ерекше атап өтті.
«Биыл Өзбекстанның Орталық Азияда американдық тауарлар экспортының жетекші бағыты болуға тамаша мүмкіндігі бар», — деп атап өттіамерикандық министр.