Қазақстанда мұнай өндіру көлемі артады

Опубликовано
Жыл соңына дейін ол 90,5 млн тоннаға жетпек

2019 жылдың соңына дейін елімізде өндірілетін мұнай көлемі 90,5 млн тоннаға жетеді, деп хабарлайды Интерфакс агенттігі. 

«Өндіріс қарқынының өсуін ескере отырып, Энергетика министрлігі мұнай өндірісінің болжамды көлемін 90,5 млн тоннаға дейін көтерді. Былтыр бұл көрсеткіш 90,4 млн тонна көлемінде қалыптасқан»,– деді Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Нұрлыбек Жеңісбек. 

Бұған дейін үкімет 2019 жылғы мұнай өндіру көлемін 89 млн тонна деңгейінде бекіткен еді. 

Айта кетейік, былтыр мұнай өндірісі еліміздің мұнай-газ саласының тарихындағы рекордтық көрсеткішке жетіп, 90 миллион тоннадан асқан.  Салыстыру үшін айтсақ, 1991 жылдары жылына, шамамен, 26 млн тонна мұнай алынатын.

Читайте также