Атамбаев психиатриялық сараптамадан өтуден бас тартты

Опубликовано (обновлено )
Оны және тағы 15 күдіктіні сараптамадан өтуге сот жіберген болатын

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев сот-психиатриялық сараптамадан өтуден бас тартты, деп хабарлайды 24.kg.

Декреккөздің мәліметтері бойынша, психиатрлар елдің экс-көшбасшысы қамауда отырған Ұлтық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторына барған, бірақ ол дәрігерлердің сұрақтарына жауап беруден бас тартқан.

Kursiv.kz адамдарды кепілдікке алу ісі бойынша 16 кідіктіге сараптама тағайындалғанын хабарлаған болатын. 

Естеріңізге салсақ, 7-тамызда Бішкектен 20 шақырым жердегі Қой-Таш ауылында Қырғызстанның Мемлекеттік қауіпсіздігінің ұлттық комитеті елдің экс-президенті Атамбаевты ұстауға талпыныс жасап, оның арты бұрынғы мемлекет басшысының жақтастарымен текетіреске ұласқан болатын. 

Қақтығыс 8-тамызда да жалғасын тапты. Осы күні Атамбаев құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілді.  Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 7-8-тамызда Бішкекте және оның маңындағы елді-мекендерде орын алған қақтығыстар салдарынан, 132 адам зардап шеккен.

Бұдан бұрын, Атамбаевтың бірнеше ауыр қылмыстар бойынша күдікке ілінгені, оның ішінде, жаппай тәртіп бұзушылықты ұйымдастырғаны және тамыз оқиғалары кезінде адам өлтіруге талпынғаны үшін күдікке ілінгені туралы хабарланған болатын. Сонымен қатар, оған Бішкектегі Жылу электроцентралын модернизациялау және астанадағы жылу электроцентралына көмір жеткізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін айып тағылып отыр. Атамбаев айыпты болып танылғын тағы бір қылмыстық іс 2013 жылы қылмыс әлемінің серкесі Әзиз Батукаевты түрмеден заңсыз босату болып табылады.

 

Читайте также