№
|
Мемлекет
|
ҚР азаматтарына қойылатын шектеулер мен ел ішінде болу тәртібі
|
ҚР азаматтарына виза беру тәртібі
|
1
|
Беларусь
|
|
Қажет емес
|
2
|
Біріккен Араб Әмірліктері
|
-
Дубай әуежайы ашық;
-
БАӘ-не баратын жолаушылардың КВИ COVID-19 анықтамасы (мерзімі 96 сағат) болған жағдайда ғана олар ұшаққа отырғызылады;
-
Дубай әуежайында жолаушылар медициналық декларацияны толтырады және қайта тест тапсырады (12 жасқа толмаған балалар және мүмкіндігі шектеулі адамдар тест тапсырудан босатылады). Оң нәтиже көрсеткен жағдайда 14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту қажет;
-
Халықаралық сақтандыру полисі болуы қажет;
-
30 күннен аспайтын кері қайту ұшақ билеті және қонақ үйдің брондалғанын растайтын құжат болу қажет;
-
Міндетті түрде қоғамдық орындарда және сауда орталықтарында маска кию қажет (айыппұл – 1 000,00 дирхам (274,00 АҚШ доллары.);
-
Транзит бағытымен ұшуға рұқсат бар (егер рейстің уақыты 96 сағаттан асатын болса, ел аумағына кіруге болады).
|
Қажет емес
|
3
|
Германия Федеративтік
Республикасы
|
Белгісіз мерзімге дейін ел аумағына кіруге шектеу орнатылды.
-
Әуежайлар ашық;
-
КВИ COVID-19 анықтамасы қажет емес;
-
14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту керек;
-
Транзит бағытымен ұшуға рұқсат бар (мерзімі — 24 сағат, елге кіруге болмайды).
Германия визасы тек келесі санатқа жататын Қазақстан азаматтарына беріледі:
-
Медициналық персоналға;
-
Жүктерді тасымалдау саласындағы және басқа да қажетті бағыттардағы көлік компанияларының қызметкерлеріне;
-
Ресми сапар мақсатымен баратын дипломаттарға, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлеріне;
-
Шұғыл отбасылық жағдаймен баратын тұлғаларға;
-
Халықаралық қорғау немесе өзге гуманитарлық себептермен баруға мұқтаж адамдарға;
-
Отбасы бірігу үшін баратын адамдарға;
-
Нақты жұмыс ұсынысы бар мамандарға;
-
Ғылыми қызметпен айналысатын зерттеушілерге;
-
IT-мамандарына;
-
Қоғамдық маңыздылығы бар ерекше жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге;
-
Студенттерге;
-
Оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне.
|
Уақытша тоқтатылған
|
4
|
Мысыр Араб Республикасы
|
-
Әуежайлар ашық;
-
КВИ COVID-19 теріс нәтижесі бар анықтама қажет;
-
Қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында және қонақ үйлерде маска кию қажет.
|
Анықтама қажет
(ағылшын немесе араб тіліндегі аудармасы). Мерзімі – 72 сағат)
|
5
|
Нидерланд Корольдігі
|
Белгісіз мерзімге дейін елге кіруге шектеулер орнатылды.
-
Әуежайлар ашық;
-
КВИ COVID-19 анықтамасы қажет емес;
-
14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту керек;
-
Транзит бағытымен жүруге рұқсат бар (мерзімі — 24 сағат);
-
Рейске отырар кезде денсаулық туралы декларацияны толтыру керек;
-
Қоғамдық көліктерде, сондай-ақ Амстердам және Роттердам қаласының кейбір жерлерінде маска тағып жүру міндетті (маска кимегені үшін 95,00 еуро айыппұл салынады);
-
Барлық қоғамдық орындарда 1,5 м арақашықтық сақтау қажет (аталған талапты бұзу – 390,00 еуро айыппұл).
|
Тек дипломатиялық виза беріледі
|
6
|
Корея Республикасы
|
-
Әуежайлар ашық;
-
КВИ COVID-19 анықтамасы қажет (мерзімі – 48 сағат). Сондай-ақ, анықтама Қазақстандағы Оңтүстік Корея елшілігімен танылған медмекемелер мен клиникалардан ғана алынуы тиіс;
-
Тиісті түрде электрондық бақылау мен арнайы қонақ үйде 14 күн карантинде оқшаулаудан өту керек (бағасы: 1 күн – 120-150 АҚШ доллары);
-
Келушілер 3 күннің ішінде COVID-19-ға тест тапсыру керек;
-
Транзит бағытымен жүруге рұқсат бар (мерзімі — 24 сағат).
|
Виза тек аса қажет кезде және тиісті комиссияның оң шешімі негізінде беріледі (емделуге, жақын туысы қайтыс болған жағдайда)
|
7
|
Қырғызстан
|
|
Қажет емес
|
8
|
Өзбекстан
|
|
Қажет емес
|
9
|
Ресей Федерациясы
|
-
Әуежайлар 2020 жылғы 21 қыркүйектен бастап ашық;
-
КВИ COVID-19 анықтамасы қажет;
-
Аптасына 2 рет Нұр-Султан – Мәскеу бағытымен рейстер ұшады;
-
Тек қана әуеқатынасқа қатысты шектеулер жоқ, алайда құрлықтағы бақылау бекеттері арқылы өтуге шектеулер сақталады.
|
Қажет емес
|
10
|
Түркия Республикасы
|
-
Әуежайлар ашық;
-
КВИ Covid-19 анықтамасы қажет емес;
-
Ел аумағына кірер алдында жеке медициналық сақтандыру полисі болуы қажет;
-
Барлық жолаушылар терминал мен ұшақтарда маска киюі міндетті. Маска кимеген жолаушылар терминал мен ұшаққа жіберілмейді және 123,00 АҚШ доллар айыппұл салынуы мүмкін;
-
Терминалға кіре берісте жолаушылардың дене қызуы өлшенеді. Егер дене қызуы 37,8 градустан жоғары болса немесе КВИ белгілері байқалса, арнайы медорталықтарда тест жасату міндетті. Барлық халықаралық әуежайларда арнайы «Тест орталықтары» бар және тест тегін жасалады. Тест нәтижелері 1-3 сағатта шығады. Егер тест нәтижесі оң болса, жолаушы жеке ауруханаға жіберіледі. Ауруханада жасалған бақылау қорытындысы бойынша жолаушы ауруханаға жатқызылады. Егер «ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ, оқшаулау жеткілікті (14 күн)» деген қорытынды айтылса, жолаушы өзі тұратын қонақ үйге немесе үйіне бара алады. Жолаушылар қонақ үйлерде науқастар үшін арнайы дайындалған оқшаулау бөлмелерде емделуін жалғастыра алады.
|
90 күнге дейін визасыз
|
11
|
Украина
|
-
ғы 28 қыркүйекке дейін елге кіруге шектеулер орнатылды.
-
Әуежайлар ашық;
-
КВИ COVID-19 анықтамасы қажет (мерзімі – 48 сағат) немесе жолаушы әуежайда тест тапсырады;
-
14 күндік карантин қарастырылған;
-
Ел аумағына кірер алдында жеке медициналық сақтандыру полисі болуы міндетті. Сақтандыру полисін Украинада тіркелген компаниядан немесе ел аумағында өкілдігі бар халықаралық сақтандыру компаниясынан алу керек;
-
Қоғамдық орындарда және сауда орталықтарында маска кию қажет;
-
Өзімен бірге жеке басын куәландыратын төлқұжат (паспорт) алып жүру керек;
-
Транзит бағытымен жүруге рұқсат бар (мерзімі — 24 сағат).
|
Қажет емес
|