Қазақстан екі оттың ортасында: Ресей мен АҚШ Орта Азия қару-жарақ нарығы үшін күресті шиеленістіріп жіберді

Опубликовано
АҚШ пен одақтастары Ресей әскери-өнеркәсіптік кешеніне соққы бермек

ҚШ пен оның жақтастары Кремльге қарсы санкциялық соғысты күшейтіп, Ресейдің маңызды экспорттық салаларының бірі – әскери-өнеркәсіптік кешеніне соққы беруге оқталып отыр.  

Ақпанның басында ресейлік ақпарат агенттігі – «РИА Новости»  Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымы Біріккен штабының бастығы, генерал-полковник Анатолий Сидоровтың қатысуымен  Астана – Бішкек – Ереван – Минск – Мәскеу телекөпірін өткізген еді.

А.Сидоров телекөпір барысында ҰҚШҰ жауапкершілігінің еуропалық бағыт аймағындағы басты қауіп – Еуропа елдеріндегі милитаризация (қарулану саясаты) деп мәлімдеді. Оның айтуынша, НАТО-ның коалициялық әскерді басқару жүйесі және өз аумағында оперативтік құрал-жабрықтарды жетілдіруі бойынша қазірдің өзінде жүзеге асырған жобаларымен қатар, АҚШ биыл Шығыс Еуропаға қосымша құрлық күштерін жіберіп, кибернетикалық қондырғыларды орналастыруды жоспарлап отыр.

Генерал-полковниктің сөзіне сүйенсек, Балтық жағалаулары елдерінде америкалық қару-жарақты қолданатын, құрамында америкалық әскер бар, арнаулы операцияларға арналған күштік құрылымдардың әскери дайындығын арттыруға бағытталған шаралардың қарқыны күшейтіліп жатыр.

–Осы дайындық аясында солтүстік атлантикалық одақ Еуропа елдері аймағына әскер жіберу мен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерде шабуылға дайындық және арнай операциялар жүргізу мақсатында көпұлтты әскер жасақтап жатыр, – деп атап өтті Сидоров. – Қазіргі кезде түрлі арандату, санкция салу, саяси және экономикалық қысым көрсету – халықаралық қатынастағы қалыпты құбылысқа айналып барады. Бұл өз кезегінде туындаған қайшылықты шешуде әскери әдіс-тәсілдерді қолдану қаупін артттыруда. Осы жағдайда қарулануды бақылау жүйесінің қирауы – қатерлі үрдіс болып тұр. Бұл үрдісте басты рөлді  Америка Құрама Штаттары ойнайды,– деп мәлімдеді ҰҚШҰ өкілі.

Тек қана ақша, саясаттың қатысы жоқ па?

Жалпы, ҰҚШҰ өкілі өз сөзінің басым бөлігін еуропалық бағытқа арнады, жоғары айтылған жайттармен қатар, 2018 жылдың аяғында АҚШ Үкіметі жетілдірілген авиациялық атом оқ-дәрілерін сериялы өндіру бағдарламасын бекіткенін айтып өтті. Бұл оқ-дәрілерді Бельгия, Нидерланды, Германия, Италия мен Түркиядағы авиабазаларға 2020 жылдың алғашқы жартысында жеткізу жоспарланған. Ол жақта қазірдің өзінде алдыңғы қатарлы 200-ден аса басқарылмайтын радиобомба сақтаулы.

Бұл ретте Вашингтон орта және шағын қашықтықтағы ракеталарды жою жөніндегі келісімнен шығып кеткенін ескеру керек: осы келісім қарулануды шектеуге бағытталған еді. Есесіне аталған мемлекеттердің әскери күштік құрылымдарына ядролық оқ-дәрілерді қалай қолдану қажеттігін үйрете бастады. Осылайша, ядролық қаруды қолданбау жөніндегі келісімді өрескел бұзды.

«Вашингтонның бұл қадамы АҚШ-тың кейбір серіктестерін де алаңдатып отыр. Оның үстіне, әлемдегі онсыз да шиеленісті жағдайды қиындатып жіберетіні сөзсіз», – дейді спикер.

Сондай-ақ, Ресей тарабы, әуе шабуылына қарсы француздық қорғаныс жүйесін Грузияның сатып алуын ҰҚШҰ жауапкершілік аймағына тікелей төнген қатер ретінде бағалайды, бұл болашақта олардың Солтүстік атлантикалық Одақ ракетаға және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің құрамына кіруіне мүмкіндік береді. Ақыр аяғы, Киевке қару-жарақ пен әскери техника жеткізілуін де Мәскеу «шабуыл» деп бағалап отыр.

Сонымен қатар, бұл дәл Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне жасалған шабуылға ұқсайды, өйткені ӘӨК – санкция жағдайында да Ресейдің табыстылығын сақтаған негізгі экспорттық бағытының бірі. Айталық, 2016 жылы РФ $15,3 млрд тұратын қару-жарақ пен әскери техника экспорттап, қару-жарақ және әскери техника нарығының 23 пайызын иеленген. Оның алдын 33 пайызбен АҚШ қана орап тұр.

Ал 2017 жылы санкциялық соғыс қызып тұрған шақта, ресейлік қару-жарақтың шетелге экспорты абсолютты шамада 14 млрд доллларға дейін төмендеп кетті, есесіне Ресей президентінің көмекшісі Владимир Кожин: «Батыстың санкцияларына қарамастан, 2017 жылы Ресей жаңа әріптестер тапты»,– деп мәлімдеді. Ол қандай мемлекеттер екенін нақтылап жатпаса да, алдағы уақытта ресейлік қару-жарақ пен әскери техникаға экспорттық тапсырыс көлем $47–50 млрд болады деп түйіндеді.

Ұрыстың сынақ аймағы– Тәжікстан

Санкциялық саясаттың тиімділігі төмен болып тұрған шақта, бұл сандар жауапты реакция тудырмай қоймайтыны анық еді. Көп күттірмей-ақ, Смирновтың бейнеконференциясынан кейін бірнеше күннен соң, АҚШ Қарулы күштері Орталық бөлігінің қолбасшысы Джозеф Вотел Конгрестің Қарулы күштер ісі Комитетінде өткен жиында АҚШ-тың Орта Азия елдерінің америкалық қару-жарақты сатып алуын ынталандыруға мүдделі екендерін ашық айтты. Әзірге бұл мақсат жүзе аспай тұр, өйткені Ресей жақын орналасқан және оның тауары арзан.

«Орта Азия елдерінің Ресей әскери өнімдерінен бас тартуына ықпал етуге тырысамыз, дегенмен, америкалық жүйелердің қымбаттығы аталмыш мемлекеттер үшін түйкілді мәселе болып қала бермек,– деді АҚШ Қарулы күштерінің қолбасшысы. – Біз Тәжікстанмен әскери қарым-қатынас орнатып жатқанда, Мәскеу осы елдегі әскери базасын күшейтіп, өз ықпалын арттырып жатыр. Бірақ Тәжікстан қорғанысқа көп қаржы бөле алмайтындықтан, АҚШ-тың көмегіне мұқтаж», – деді ол.

Айта кету керек, Тәжікстан – Қазақстан мен Қырғызстан секілді, ҰҚШҰ мүшесі. Сондықтан АҚШ-тың Ресейді әскери тауарлар нарығынан ығыстырып шығару әрекетінде, қару-жарақ бағасынан бөлек, осы келісімнің баптары да тежеуіш болатынын естен шығармағаны абзал.  ҰҚШҰ келісімінде ұйымға мүше елдердің қарулануы, әскери техника мен құрал-жабдықтарына қатысты жалпыға ортақ стандарттары жазылған. Басқаша айтқанда, америкалық әскери-өнеркәсіптік кешен Орта Азия нарығына келіп, аянбай демпинг жасаған күннің өзінде, бұл нарықты бір мезетте жаулап алады деген сөз емес. Оның үстіне Ресей ҰҚШҰ және басқа да бірлескен құрылымдар аясында ұжымдық өзара әрекет механизмдерін, яғни, ұйымға мүше елдердің қарулы күштеріне ортақ бірыңғай стандарттарды енгізуге ұмтылатыны анық.

Осы тұрғыда ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы: «ҰҚШҰ жауапкершілігі аймағындағы жағдай ұйымға мүше елдердің қауіпсіздік жүйесін жетілдіру, ҰҚШҰ ұжымдық әскери күштерін қолдануға дайындық, дағдарыс жағдайында әрекет ету әлеуетін арттыру, бірлескен арнайы операциялар кезінде ҰҚШҰ әскери қолбасшыларының тізе қоса әрекет етуін қажет етеді», – деп мәлімдеген еді.

Демпингтің шамасы жатпесе, саясат араласады

Айта кету керек, Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешені  Орта Азия елдері үшін тауарларының америкалық баламаларына қарағанда, арзандығымен ғана емес, сатылымнан кейін де қызмет көрсетіп: жөндеп, жаңартып беруімен де ыңғайлы. Пентагонның бұндай қызмет ұсынуы екіталай, өйткені АҚШ парламентіндегілер салық төлеушілерінің есебінен өз әскери-өнеркәсіптік кешені өнімдерін субсидиялауы неғайбыл.

Дегенмен, өз тауарларын өткізудің тағы бір жолы бар: бәсекелес ел өнімін тұтынушы мемлекеттерге қарсы санкция салу. Ресейлік әскери құрал-жабдықтарды сатып алатын елдердің АҚШ-тың санкциялық тізіміне кіруі мүмкін екенін Стратегиялық бастамалар орталығының (CSI) аға серіктесі Олжас Құдайбергенов былтыр қараша айында айтқан еді.

«АҚШ пен Ресей қарым-қатынасының шиеленісуі – ресейлік банктер мен мемлекеттік компаниялардың санкция астында қалуына әкеп соғады. Нәтижесінде Қазақстанның да кейбір мемлекеттік және жеке компаниялары қара тізімге кіріп кетеді. Сондай-ақ, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен басқа да әскери техника сатып алу әрекеті де санкцияның астында қалады», – деді О.Құдайбергенов «Стратегиялық бастамалар» форумында.

Дегенмен, бұл болжамның авторы «оның жүзеге асу ықтималдығы 1 пайыздан аспайды» деп мәлімдеген еді. АҚШ әскери күштері мен ҰҚШҰ өкілдерінің сөзтартыстарына қарағанда, қару-жарақ нарығы айналасындағы сауда басталып та кеткен сыңайлы. Бұл күресте барлық жағынан алып қарағанда, бүкіл айла-тәсіл қолданылып, оның үстіне, АҚШ бұл нарықтан Ресейді бірден емес, асықпай  ығыстыруды мақсат етуі мүмкін. Орта Азия елдеріне мүлдем басқа салаларда жеңілдік ұсына отырып, бұл нарықты ақырындап жауламақ.

CSI-дің санкцияға қатысты болжамына келер болсақ, ол жүзеге асу ықтималдығы төмен  болжам ретінде қалатын сияқты. Жалпы, Ресейді қару-жарақ нарығынан ығыстыру туралы жаңа пікірлерді жақын арада естімейтін секілдіміз: ақпанның басында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «алты айдан соң Мәскеу орта және кіші қашықтықтағы ракеталарды жою бойынша келісімнен шығатынын» мәлімдеді. Бұл – 2019 жылы аталмыш келісімнен шығамыз деген Вашинтгонға қарата айтылған жауап. Бұдан кейін қару-жарақты өткізу нарығы үшін күрестің, осы ракеталарды орналастыру аймағына таласқаны секілді, шиеленісетініне еш күмән жоқ.

 

Читайте также