Зейнетақы қорындағы қаржы қайда инвестицияланған?

Опубликовано
БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтерінің көлемі 10 трлн теңгеден асады

2019 жылғы 1-қазандағы жағдай бойынша, БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі – 10 426,3 млрд теңге. Ақша қаражаты және теңгедегі қаржы құралдары 6 850,6 млрд теңгені немесе 65,7 пайызды құраса, шетел валютасындағы қаржы құралдары 3 575,7 млрд теңге немесе 34,3% көлемінде қалыптасты, деп хабарлайды Ұлттық банк. 

2019 жылғы қыркүйекте зейнетақы активтерін теңгемен инвестициялау көлемі 55,3 млрд теңгеге жеткен. Бұл ақшаға:
 

  • 20,3 млрд теңгеге ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары,
  • 20 млрд теңге сомасында жылдық кірістілігі 11,5% «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның облигациялары, 
  • 600 млрд теңге  ҚР ЕДБ арқылы басым жобаларды несиелеу шеңберінде «Bank RBK» Банк» АҚ-ның жылдық кірістілігі 10,95% 15 млрд теңге сомасындағы облигациялары сатып алынған. 

«Теңгелей бос жатқан қаражат ақша нарығының қысқа мерзімді құралдарына да орналастырылған. Бұл ретте, осы инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты емес және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады», – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, реттеуші қыркүйекте бағалы қағаздар эмиссиясы барысында белгіленген мерзімге сәйкес, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша, жалпы сомасы 16,9 млрд теңге көлеміндегі негізгі борышының өтелгенін айтып өтті. Банктік салым шарттарында белгіленген талаптарға сәйкес, ҚР ЕДБ депозиттері бойынша жалпы сомасы 1,4 млрд теңге көлеміндегі негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара өтелген.

Ал шетел валютасындағы зейнетақы активтерін инвестициялау 211,4 млрд теңгені құраған. Бұл ақшаға жылдық орташы кірістілігі 1,9%  құрайтын АҚШ Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздарын  сатып алған. Қарастырылып отырған кезеңде шетел валютасындағы бос ақша қаражаты рейтингі «А-»-тен төмен емес шетел банктерінің қысқа мерзімді депозиттеріне орналастырылды. 

2019 жылғы қыркүйекте 169,0 млрд теңге сомаға АҚШ Үкіметінің МБҚ бойынша негізгі борыш өтелген. Сондай-ақ жалпы сомасы 78,8 млрд теңге  АҚШ-тың қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары сатылды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс 525,2 млрд теңгені құраған. 

Зейнетақы активтерінің жыл басынан бері салымшылардың шоттарына бөлінген кірісі 4,98% құрады.

Читайте также