Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығының 2019 жылғы жұмысы қорытындыланды. Биыл әуежайларда профайлер-мамандардың қызметі ұйымдастырылған.
Айта кетейік, профайлер – өтірікті адамдың бет-әлпеті, сөйлеу мәнері, ым-ишарасы негізінде анықтайтын маман.
«Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің №2396 қарары шеңберінде авиациялық көліктегі жолаушылар легінде профайлер мамандардың қызметі ұйымдастырылды», – делінген ҰҚҚ таратқан хабарламада.
Сонымен қатар, жиын барысында террористік оқиғаларға жол бермеуге және еліміздегі тұрақтылықты сақтауға күш салынғаны атап өтілді.
Қолға алынған шаралар нәтижесінде, 3 рет террористік әрекеттің жолы кесілсе, 7 радикалдық топ пен 34 экстремистің қылмыстық әрекеті бейтапатандырылған.
2019 жылға белгіленген барлық мақсатты индикаторларға қол жеткізілген.