KASE Global секторындағы сұранысқа ие бағалы қағаздар бестігі

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Технологиялық компаниялар акцияларының сатылымы жоғары

Өткен аптада (2022 жылдың 14-18 ақпан аралығы) KASE Global секторында шетелдік компаниялардың акцияларға қатысты 661 мәміле жасалған. Олардың жалпы құны 305,1 млн теңге немесе $710,1 мың доллар болды. Бұл көрсеткіш алдыңғы аптамен салыстырғанда, саны жағынан – 25,6%-ға, көлемі бойынша 31%-ға аз.

Өткен аптада Meta Platforms, Microsoft Corporation және Pfizer қағаздары сатылымы жақсы акциялар бестігінен шығып, олардың орнын AMD, Micron Technology және American Airlines акциялары басты.

2022 жылғы 14-18 ақпан аралығында бағалы қағазы ең көп сатылған компаниялар ТОП-5-не кіргендер:

  • Америка технологиялық компаниясы AMD (AMD_KZ). Өткен аптада KASE-де $142,7 мыңға 74 мәміле жасалды (қағаздар осы кезеңде 0,6%-ға қымбаттады).
  • Жартылай өткізгіш өнім өндіретін Micron Technology компаниясы (MU_KZ) – $131,4 мыңға 26 мәміле (компанияның акциялары 1,2% өсті).
  • CRM-жүйесін әзірлеуші Salesforce (CRM_KZ) – 51,5 мың долларға 4 мәміле жасалды (акциялар 5,3% арзандады).
  • Халықаралық Mastercard төлем жүйесі (MA_KZ) акцияларымен өткен аптада 5 мың долларға 48,4 мәміле жасалды (қағаз бағасы өзгерген жоқ).
  • American Airlines авиакомпаниясы (AAL_KZ) – биржада 58 мың долларға 46,9 мәміле тіркелген (акциялар 1,5% өсті).

Бір апта бұрын акцияларының сатылымы жағынан үздік бестікке кірген компаниялар:

  • Meta Platforms (FB_KZ) — 77 мың долларға 325,3 мәміле;
  • Pfizer (PFE_KZ) —65, 4 мың долларға 61 мәміле;
  • Mastercard (MA_KZ) — $61,2 мыңға 8 мәміле;
  • Microsoft Corporation (MSFT_KZ) —55 мың долларға 33 мәміле;
  • SALESFORCE.COM (CRM_KZ) – $ 48,3 мыңға 8 мәміле жасалған.

Қазіргі кезде KASE Global секторында шетелдік эмитенттердің 43 бағалы қағазы сауда-саттыққа шығарылған.

Алғашқы кезде бұл сектордағы сауда-саттыққа америкалық алаңдарда листингтен өткен және KASE-нің ресми тізіміне енгізілген шетелдік акциялар шығарылып жатыр, сауда-саттық Нұр-Сұлтан уақытымен 11:20-дан 22:00-ге дейін Т+2 шарттарында өткізіледі. Бағалы қағаздарға баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.

Сондай-ақ оқыңыз