
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы келісім көлеңкелі экономикамен күреске және кеден қызметкерлерінің жұмысын бақылауға қалай әсер етеді? Бұл туралы қаржы министрі Мәди Такиев айтты, деп хабарлайды Kursiv.media.
Министрдің сөзінше, мұндай жағдайлар келісімде кеден саласындағы өзара іс-қимылға қатысты талаптар қарастырылған. Екі елдің заңнамасында өзгерістер болса, көрші елде жұмыс істейтін кәсіпкерлер ол туралы хабардар болуы керек.
«Мен жалпы көрсеткіштерді айта аламын. Бізде көлеңкелі экономиканың деңгейі 4,5%. Оның деңгейі жыл сайын төмендеп келеді. Келесі жылы бұл көрсеткіш одан әрі төмендейді деп күтіп отырмыз. Біздің келісімде ондай талаптар қарастырылған. Бүгінде көп өзгеріс болды. Көрші елде кеден кодексіне өзгерістер енгізілсе, біздегі бизнес өкілдері оны білуі керек. Яғни, олардың заңдарын сақтау міндетті болады. Ал кеденде жемқорлыққа қатысты заң бұзған кеден қызметкерлеріне қатысты шаралар заң аясында жүзеге асырылады», – деді Мәди Тәкиев.
Келісімді ратификациялау Қазақстан мен Өзбекстанның кеден қызметтері арасындағы өзара іс-қимылдың қосымша тетігін қалыптастырып, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға және екі ел арасындағы сауданы дамытуға ықпал етеді.