
Иранның әскери-теңіз күштері 29 қарашада Ормұз бұғазының шығысында мұнай танкері теңіз минасына соғылып, өртенгенін мәлімдеді. Бұл туралы Иранның Mehr агенттігіне сілтеме жасап, Интерфакс хабарлады.
Иран тарапының мәліметінше, оқиға үш танкер Иран кіруге тыйым салған аймаққа енгенде болған. Жарылыстан кейін қалған екі кеме бағытын өзгертіп, Парсы шығанағына қайтқан. Танкердің атауы, зардап шеккендер мен шығын көлемі туралы ақпарат берілмеді.
Мұнай бағасы қанша болды?
Reuters дерегінше, 27 қарашадағы сауда қорытындысында Brent фьючерсі 1,2% арзандап, барреліне 95,44 долларға түсті. WTI сәрсенбідегі жабылу бағасынан 0,7% төмендеп, барреліне 83,08 доллар болды. Апта қорытындысында Brent шамамен 3% қымбаттады, ал WTI 0,9% арзандады.
Бұл бағалар Иранның жексенбідегі мәлімдемесіне дейін тіркелген. Reuters жұма күнгі шолуында Ормұз бұғазы маңындағы танкерлерге және Сауд Арабиясындағы энергетика нысандарына жасалған шабуылдар Таяу Шығыстан мұнай жеткізуге қатысты алаңдаушылықты күшейткенін жазды