Қазақстан банктері бір айда 460 млрд теңге кредит берген

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

Қазан айында екінші деңгейлі банктердің экономикаға берген несиесі шамамен 43,5 трлн теңгеге жетті. Қыркүйекпен салыстырғанда бұл көрсеткіш шамамен 1 пайызға (460 млрд теңгеге) өсіп, несиеге сұраныс артты.

Шетел валютасындағы қарыз көлемі артты

Қазанда теңгемен алынған несие көлемі сәл ғана өсті, ал шетел валютасындағы қарыздар айтарлықтай көбейді:

  • Теңгедегі несиелер: 38,8 трлн теңгеден 38,9 трлн теңгеге дейін, шамамен 118 млрд теңгеге артты.
  • Шетел валютасындағы несиелер: 4,3 трлн теңгеден 4,7 трлн теңгеге жетіп, шамамен 8 пайызға (342 млрд теңгеге) өсті.

Ұзақ мерзімді қарыздар әдеттегідей басым. Олар шамамен 1 пайызға (419 млрд теңгеге) өсіп, 37,7 трлн теңгеге жетті. Қысқа мерзімді несиелер де шамамен 1 пайызға (41 млрд теңгеге) көбейіп, 5,8 трлн теңгені құрады.

Бизнес белсенді

Қазан айындағы несие өсімінің басты қозғаушы күші бизнес болды. Кәсіпкерлерге (жеке кәсіпкерлердің іскерлік несиелерін қоса алғанда) берілген қарыз шамамен 2 пайызға (291 млрд теңгеге) өсіп, 16,7 трлн теңгеге жетті.

Ал тұтынушылық және өзге мақсатта халыққа берілген несиелер шамамен 1 пайызға (169 млрд теңгеге) көбейіп, 26,8 трлн теңгені құрады.

Бизнеске берілген кредит көлемі бір жылда 14,2 пайызға артқан.

Сондай-ақ оқыңыз