Украина мен Қазақстан іздеу салынған тұлғаларды бір-біріне ұстап беру туралы келісті
Сенат депутаттары Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы келісімді бекітті. Келісім аясындағы айырбас тек қылмыс жасады деген күдікке ілінгендер ғана емес, сонымен қатар, сот шешімін орындаудан бұлтартып жүргендерге де қатысты, деп хабарлайды Kursiv.kz тілшісі.
Сөйтіп, парламент тарапынан құжат толық қабылданып, қол қою үшін мемлекет басшысына жіберілді.
Бас прокурордың орынбасары Мұрат Ахметжанов атап өткендей, қазіргі таңда қылмыстық қудалау саласында Қазақстан мен Украина арасында сенімді қарым-қатынастар орнатылған. Мәселен, соңғы үш жылда Украина бізге алты қылмыскерді ұстап берді. Қазіргі таңда алты тұлғаның Украинада бой тасалап жүргені анықталған. Оларды Қазақстанға қайтару бойынша жұмыстар атқарылуда.
Атап айтарлығы, мұндай жоғары деңгейдегі Келісім, оның бағалауы бойынша, тараптардың қарым-қатынастарды неғұрлым терең деңгейде жалғастыруға деген ұмтылысының көрініс болып табылады.
Құжат тұлғаларды оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе сот үкімін орындау үшін ұстап беру мәселелерін реттейді. Келісім бойынша ұстап беру, егер қылмыс жасалғаны үшін жаза екі елдеде бір жылдан төмен емес мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастыратын болса, егер сотталуға тиіс тұлға жазаны алты айдан артық өтеп жатса, жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, ұстап беруден бас тартудың да негіздері қарастырылған. Атап айтқанда, егер қарастырылып отырған әрекет бір елде қылмыс болып саналып, ал екінші елде ондай болып есептелмесе, немесе ескіру мерзімі өтіп кетсе, сондай-ақ сұрастырылып отырған әрекет әскери қылмыс болып табылмаса, егер ұстап беру ұлттық қауіпсіздіктің егемендігіне залал келтірсе, Қазақстан заңнамасына немесе халықаралық міндеттемелеріне қайшы келетін болса.
Естеріңізге салсақ, қазіргі таңда екі ел арасындағы экстрадициялау саласындағы әріптестік мәселелерін, мұндай келісімдер жасауға тыйым салмайтын, Минск конвециясы реттейді. Бұдан бөлек, 2014 жылдан бастап, Украина біртіндеп ТМД-дан шығып жатыр, сондықтан осындай келісім жасау қажеттігі туындады.
Осыған ұқсас келісімдер әлемдегі 21 елмен жасалған. Жақын уақытта осындай келісімді Малайзиямен, Грециямен және Кипрмен жасау көзделген.
Сенаттың салалық комитетінің қорытындысында келісімді бекіту екі елдің қылмысқа қарсы күрес жөніндегі әріптестігінің тиімділігін арттырады делінген.