Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызметтер көлемі 754,9 млрд теңгені құрады
Бүгін Ұлттық спорт түрлері күні. Осыған орай Ұлттық статистика бюросы былтыр осы салада көрсетілген қызмет түрлері бойынша деректерді ұсынды.
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы көрсетілген қызметтер көлемі 754,9 млрд теңгені құрады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,1%-ға артық.
Айта кетейік, бұл қызмет түрі ауылдық жерлерде 72,9 млрд теңгеге (жалпы көлемнің 9,6%) көрсетілді. Аталған саладағы қызмет бойынша қызметтер көлемі келесідей:
- Спорт клубтарының қызметі – 38,2 млрд теңге;
- Фитнес-клубтардың қызметі – 37,6 млрд теңге;
- Спорт имараттарын пайдалану – 36,1 млрд тг Өзге де қызметтер – 125,3 млрд теңге.
Еске сала кетсек, «Қазақстан халқына» қоры есебінен Түркістан облысында 100-ге тарта ауылға спорттық нысандар салынуы мүмкін.
Қаржылық мониторингі агенттігі дене шынықтыру және спорттық ойындар саласын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысының ұрлануының алдын алу бойынша жұмыс жүргізіп, осы жылдың 6 айында 269,3 млн теңге залалы бар 21 істі анықтаған. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Тексеріс барысында спорттық-сауықтыру іс-шараларының, нысандардың, құрама командалардың, бұқаралық спорттық іс-шаралардың, федерациялардың рейтингісі мен қауіптері көрсетілген тізбесі қалыптастырылған.