Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызметтер көлемі 754,9 млрд теңгені құрады

Жарияланды (жаңартылды )
Спорт саласына құйылған қаржы көлемі артты / Фото: kursiv.media

Бүгін Ұлттық спорт түрлері күні. Осыған орай Ұлттық статистика бюросы былтыр осы салада көрсетілген қызмет түрлері бойынша деректерді ұсынды.

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы көрсетілген қызметтер көлемі 754,9 млрд теңгені құрады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,1%-ға артық.

Айта кетейік, бұл қызмет түрі ауылдық жерлерде 72,9 млрд теңгеге (жалпы көлемнің 9,6%) көрсетілді. Аталған саладағы қызмет бойынша қызметтер көлемі келесідей:

  • Спорт клубтарының қызметі – 38,2 млрд теңге;
  • Фитнес-клубтардың қызметі – 37,6 млрд теңге;
  • Спорт имараттарын пайдалану – 36,1 млрд тг Өзге де қызметтер – 125,3 млрд теңге.

Еске сала кетсек, «Қазақстан халқына» қоры есебінен Түркістан облысында 100-ге тарта ауылға спорттық нысандар салынуы мүмкін.

Қаржылық мониторингі агенттігі дене шынықтыру және спорттық ойындар саласын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысының ұрлануының алдын алу бойынша жұмыс жүргізіп, осы жылдың 6 айында 269,3 млн теңге залалы бар 21 істі анықтаған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Тексеріс барысында спорттық-сауықтыру іс-шараларының, нысандардың, құрама командалардың, бұқаралық спорттық іс-шаралардың, федерациялардың рейтингісі мен қауіптері көрсетілген тізбесі қалыптастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз