Көліктегі полиция ұшақ бортында бұзақылық жасағаны үшін Қайрат Нұртасты ұстаған

Жарияланды 5 Шілде 2024 11:24

(жаңартылды 5 Шілде 2024 12:24)
post.authors.0.name

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media

Ұшақ бортында бұзақылық жасауға қатысты Қайрат Нұртас ұсталды / Фото: instagram.com/kair_n / бильд-редактор Ахтам Зиперов

Көліктегі полиция ұшақ бортында бұзақылық және денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша белгілі әнші Қайрат Нұртасты ұстаған.

«Алматы-Астана» бағытындағы әуе рейсінің бортындағы ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар қарау үшін сотқа жолданды», – делінген көліктегі полиция департаментінің хабарламасында.

5 шілдеде әлеуметтік желіде белгілі әнші Қайрат Нұртастың Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақ бортында өзге жолаушыны ұрғаны туралы ақпарат тарады. Желідегі ақпаратқа сәйкес, зардап шеккен азаматтың есімі – Асылбек Беккайыров. Ұшақ командирі борттағы жағдайды тұрақтандыру үшін полиция көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

Айта кетейік, 29 сәуірде әнші сахнада балағат сөз айтқаны үшін ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл төлеген.

28 маусымда Астана қаласының әкімшілік соты шоумен Тұрсынбек Қабатовты ұшақ бортында мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін бес тәулікке қамауға алынғаны белгілі болған. Жоғарғы сот ақпаратына сүйенсек, Қабатов кінәсін мойындап кешірім сұраған.

Сондай-ақ оқыңыз