«Ей, қыздар»: Қуандық Рахым өз концертінде ыңғайсыз жағдайға тап болды (видео)

Жарияланды 28 Қараша 2026 17:21

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Фото: Қуандық Рахымның жеке парақшасынан

Әнші Қуандық Рахым концертте ән орындап жатқан кезде микрофоны кедергі келтірген.

Домбырамен «Ей, қыздар» әнін бастай бергенде екінші микрофон төменге қарай құлап, қанша түзесе де, жағдай қайталанды. Әнін орындауға бірнеге мәрте оқталған әнші бұл жағдайға еріксіз күліп жіберді.

Көрермені де әншімен бірге күлкіге қарық болды.

«Қыздарға келгенде микрофонның бұлай жасағаны болмады. Қыздар туралы айтпасын деп тұрған шығар. Әншінің күлкісі ерекше»,- деп жазған видеоға пікір білдіргендер.

Кейін әншіге көмек көрсету үшін досы сахнаға шығуға мәжбүр болды.

Сондай-ақ оқыңыз