Қазақстандық 5 телеарна Париж-2024 жазғы Олимпиадасын тікелей эфирде көрсетеді

Жарияланды 17 Шілде 2024 09:06

(жаңартылды 17 Шілде 2024 09:30)
post.authors.0.name

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
олимпиада
Париж-2024 жазғы Олимпиадасын 5 телеарна тікелей эфирден көрсетеді / Фото: shutterstock

Қазақстандық телеарналар Париж-2024 жазғы Олимпиадасын тікелей эфирде көрсетеді. 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Олимпиаданы Қазақстан аумағында көрсету құқығын отандық 5 телеарна иеленген. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлайды.

Қазақстандықтар Олимпиаданы «Qazaqstan», «Qazsport», «Jibek Joly», «Хабар» және «Ел арна» телеарналарынан көре алады.

«Айтулы спорт додасын бес телеарнадан 26 комментатор жүргізеді. Олардың арасында Есей Жеңісұлы, Сергей Райлян, Лилиана Әлжанова, Ғалым Сүлейменов, Арман Абдрахманов, Жандос Айтбайұлы, Асхат Жақаев, Айдар Махметов, Ербол Қайыров сияқты тәжірибелі мамандар бар», – делінген хабарламада.

Франция астанасында өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы аттанады. Төрт жылда бір өтетін әлем додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген.

 15 шілде күні Олимпиада алауы Францияға жеткен болатын. Ресми ақпаратқа сүйенсек эстафета барысында Ласко үңгірі, Алезиядағы археологиялық қазбалар, ортағасырлық Каркасонна қаласы, Версаль сарайы мен Лувр мұражайы және басқа да тарихи-мәдени әрі көрікті жерлерден 600-ге астам спортшы жүріп өтті.

Қазақстан Ұлттық құрамасының Париж Олимпиадасына арналған киім үлгілеріне конкурс қайтадан жарияланған. Ұлттық құраманың киім формасы мен оған қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайн тұжырымдамасын әзірлеу конкурсында ешбір қатысушының эскизі комиссия мүшелерінің көңілінен шықпаған. Конкурс қорытындысы бойынша Ұлттық құрама костюмдерін испандық компанияға тігетін болды

Сондай-ақ оқыңыз