Шымкентте жүкті болып келген келінге қуана ма – Ләйлә Сұлтанқызы дауға пікір білдірді

Жарияланды 21 Қазан 2026 12:36

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
youtube.com/@LailaSultankyzy, бильд-редактор: Милош Муратовский

Ләйлә Сұлтанқызы Шымкентте неге жүкті болып келген келінге қуанады деген пікірге қатысты ойын білдірді, деп жазады Kursiv.Media.

Оның айтуынша, мәселе әйелдің денсаулығына қатысты көтеріліп отыр.

Белгілі жүргізуші әуелі желіде қызу талқы тудырған келіншектің видеосын қосып, артынан соған пікір білдіреді.

«Шымкентте келін жүкті болып келсе, қалың малын беріп, қабыл алады. Өйткені, сол әулеттің ұрпағын жалғастыра алатынына сенімді болады. Дені сау әйел екеніне көз жеткізіп, көтерткізеді екен, сосын құда-құдағи болады», – дейді видеодағы әйел.

Мұны мұқият тыңдаған Ләйлә Сұлтанқызы мұндай сөздер осындай жағдайлар кездескеннен кейін айтылған шығар деп топшылайды. Алайда желіде шымкенттіктер мұндай дәстүр бар екенін жоққа шығарған.

«Бірақ біз соңғы үш жылда жүздеген хат аламыз. Олардың қатарында жиырманың үстіндегі жас отбасылар да, отызға толмағандар да бар. Қырыққа дейін бір балалы бола алмай, жылап-еңіреп жүрген отбасылар бар. Келінді кінәлай салу – ең оңайы. Қашан жаңалық болады деп түртпектей беретін енелер де, туған-туыстар да көп», – дейді Лейлә Сұлтанқызы.

Сондықтан ол жылына ересек адамдардың бәрін чекаптан өтуге шақырды. Қыз баласы amg гармонын тексеруге тиіс. Сонда өзінің құлағы тыныш болмақ. Осылайша, тележүргізууші мәселеге денсаулыққа көңіл бөлу тұрғысынан назар аударған.

Ләйлә Сұлтанқызы мұның алдында бизнес өкілдерін қазақ тілінде қызмет көрсетуге шақырған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз