Камала Харрис ұлттық сауалнама нәтижесінде Дональд Трамптан 2% алда келеді

Жарияланды 24 Шілде 2024 09:19

(жаңартылды 24 Шілде 2024 09:51)
post.authors.0.name

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
камала харрис
АҚШ халқы үміткерлерді қаншалықты қолдап отыр / Фото: shutterstock

Вице-президент Камала Харрис ұлттық сауалнама нәтижесінде президенттіккке үміткер Дональд Трамптан 2% алда келеді. Reuters/Ipsos жүргізген сауалнамада Камала Харрис 44% жинаса, Дональд Трамп 42 пайыз дауыс жинаған. Алайда Трамптың сайлауалды штабы мұны уақытша құбылыс деп есептейді.

Президент Джо Байден сайлау науқанын аяқтап, эстафетаны тапсырғаннан кейін Камала Харрис республикашыл Дональд Трамптан екі пайызға алға шықты.

Трамп науқанының әлеуметтанушысы Харристі қолдаудың артқанын көрсететін сауалнама нәтижесі аса маңызды емес деп тұжырымдайды. Оның пікірінше, Камала Харристің танымалдығы БАҚ-та кеңінен насихатталғанның арқасында артуы мүмкін.

Онлайн жүргізілген сауалнамаға 1 241 АҚШ азаматы қатысқан. Соның ішінде 1 018 адам – тіркелген сайлаушы.

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден алдағы президент сайлауынан өз кандидатурасын алып тастайтынын мәлімдеді. Ол өзінің шешімін кейінірек ашып түсіндіруге уәде берді. Өз орнына қазіргі вице-президент Камала Харристі ұсынған болатын.

Камала Харрис – Америка Құрама Штаттарының қазіргі вице-президенті, бұл лауазымды 2021 жылдың 20 қаңтарынан бастап атқарып келеді. Ол 1964 жылы 20 қазанда Калифорния штатының Окленд қаласында дүниеге келген. Анасы – үнді иммигранты, ал әкесі – Ямайка елінен келген иммигрант. Харрис мансабын адвокат ретінде бастап, кейіннен Калифорния штатының бас прокуроры және АҚШ Сенатының мүшесі болып қызмет етті. Ол президенттік сайлау науқанына 7 сағатта 50 млн доллар жинап алды.

АҚШ президентін сайлау 2024 жылдың 5 қарашасына белгіленген. 16 шілдеде Дональд Трамп АҚШ-тың Республикалық партиясынан президенттікке кандидат ретінде тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыз